К. Ж. Қожахметова


Жамбыл Жабаев (1846-1945) болды



бет5/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Жамбыл Жабаев (1846-1945) болды.


Негізгі еңбектері: «Заман ағымы», «Өркенің өссін, еңбек- шім», «Тарих тағылымы», «Өлеңдер мен поэмалар» және т.б.
Негізгі идеялары: патриоттық сезімді тәрбиелеу, тәрбие – қоғамды дамытатын күш деп санаған, ол адамгершілік, ақыл-ой,

дене тәрбиесін, патриоттық, идеялық-саяси тәрбиені еңбек тәр- биесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған. Тәрбиенің негізгі категориялары: ақылдылық, даналық, адамгершілік, ұлағаттылық пен парасаттылық деп санаған.


Қоғам қайраткерлері әрі педагог ретінде ауқымды көзқарастар білдіргендер қатарында Ахмет Байтұрсынов (1873-1937), Жүсіп- бек Аймауытов (1889-1931), Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) есімдері ерекше.
Ахмет Байтұрсыновтың негізгі еңбектеріне: «Жаңа емле ережесі», «Маса», «Қырық мысал», «Малшы мен маса» және т.б. жатады. Ол қазақ алфавитінің негізін қалаған; қазақ тілі әдістеме- сінің негізін салған; халықты оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған; қазақтарды надандық шырмауынан шығару- дың бірден-бір жолы – ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жұмы- сымен айналысу деп санаған.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931).


Негізгі еңбектері: «Психология», «Тәрбиеге жетекші», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдіс- тері» және т.б.
Негізгі идеялары: қазақ болмысы, ұлтаралық қатынастар, да- ла шаруасының санасы, әйел теңдігі, адамгершілік нормалары, таптық қоғам өмірі, өтпелі кезеңдегі билік нысаны сияқты күр- делі теориялық ұғымдарды қолданысқа ендірген. Ғылым-білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол – «тәрбие» деп, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты деп тұжырым жасаған. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзат- тың игілігіне де, сорына да, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұм- сайды... Тәрбие, оқу, білім – жағымсыз қылықтардан құтылудың құралы деп санаған.
Қазақ тілінде алғаш педагогика оқулығын жазып, өшпес із қалдырған Мағжан Жұмабаев (1893-1938) еді. Ол «Педагоги- ка», «Мен жастарға сенемін», т.б. еңбектерінде өзінің негізгі идеялары ретінде: ұлттық тәрбие беру; дүниеде теңіз терең емес адамның жаны терең деген ойларын білдірді.
Мағжан Жұмабаев балаға тумай жатып тәрбие керек деп тұжы- рымдаған. Сондай-ақ бала дүниеге келгеннен бастап, жас ерек- шелігін ескере отырып, тәрбие берілу тиіс деген ойды да нақты- лаған және білім де, тәрбие де өз ана тілінде берілу керек деп

санаған. Ұлттың ұлт болуындағы бірінші шарт – тілдің болуы дейді. «Тіл – адам жанының тілмәші» деген де М. Жұмабаев.


Жоғарыдағы ғұламалар мен ағартушылардың ізін жалғасты- рушылар қатарына және педагогика, психология ғылымдары- ның дамуына өзіндік үлес қосушы ретінде Төлеген Тәжібаев- ты (1910-1964) айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет