Оның негізгі еңбектері: «Психология және К.Д. Ушинский- дің педагогикалық психологиясы», «ХІХ ғасырдың екінші жарты- сындағы Қазақстандағы Халық ағарту ісі мен мектеп», «ХІХ ға- сырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер», «Абайдың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары», «Абай Құнанбаев жастарды тәр- биелеу туралы» және т.б.
Негізгіидеялары: тәрбиеде аға ұрпақ тәжірибесін қолдану нәтижелі болады; тәрбиелеу процесіне барлық ғылымдар ара- ласады; оқу орындары, ең алдымен оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруды алға қоюлары тиіс. Төлеген Тәжібаевтың әріп- тесі ІбінейСембаев(1905-1989) педагогика ғылымында өзіндік орны бар ғалым. Ол өзінің: «Қазақ-кеңес мектептерінің тарихы туралы очеркі», «Қазақстандағы кеңес мектептерінің даму тари- хы», «Ұлы ағартушы демократ Абай Құнанбаев» және т.б. еңбек- тері арқылы педагогика тарихының дамуына көрнекті үлес қосты. Негізгіидеялары: мектеп тәрбие ошағы; ұлттық мектептерде алдыңғы қатарлы педагогтардың педагогикалық ой-пікірлерін, тә- жірибелерін қолдану қажет деп санаған. ҚартбайБержанов(1924- 1976) Т. Тәжібаевтың шәкірті ретінде оның идеяларын дамытты.
Негізгі еңбектері: «Педагогика тарихы», «Ағарту ісін дамы- тудағы орыс-қазақ достығы», «Қазақстан мұғалімдерінің қоғам- дық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан», «Тарихи педа- гогикалық зерттеу», «Тәрбие мен оқытудың бірлігі», «Кластан тыс жұмыстарға көркемөнер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру», «5-8 класс оқушыларына интернационалдық тәр- бие беру», т.б. Оның негізгі идеялары:халықтар достығы ин- тернационализмді тәрбиелейді; тәрбиеде адамгершілік және ең- бек тәрбиесі басты рөл атқарады.
Қазіргі таңда педагогика жаңа қырынан көрініс тапты. Қоғам өзгерістеріне сәйкес нарықтық педагогика, сугестепедиялық пе- дагогика туындауда. Педагогика курсы барлық мамандықтарда оқытылып, қажеттілігі басымдық танытуда.