К. Ж. Қожахметова


Әл-Фарабидің (870-950) негізгі еңбектері



бет3/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Әл-Фарабидің (870-950) негізгі еңбектері: «Риторика», «Қайы- рымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жолында», «Поэзия өнері туралы», «Музыка туралы үлкен кітап» және т.б.


Негізгі идеялары: адамға ең алдымен тәрбие беру қажет, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауын даярлап шыға- рады. Тәрбиеге халықтардың бойына білімге негізделген, эти- калық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деп өзіндік тұрғыдан анықтама береді. Имандылық, адамгершілік, әдептілік жоғары ізгі қасиеттер деп санаған.
Махмұд Қашқаридің (1030-1090) басты еңбектері: «Диуани лұ- ғат-ат-түрік», «Түрік тілінің синтаксистік жүйесінің негіздері» және т.б.
Негізгі идеялары: тілді зерттей отырып, білімді кеңейту; адам бойындағы ізгі қасиеттер тәрбие арқылы қалыптасады.
Жүсіп Баласағұн (1021-1075). Оның «Құтты білік» атты ең- бегінің маңызы зор. Жүсіп Баласағұнның негізгі педагогикалық идеялары: өз ана тілінде білім алу, терең меңгеру, ана тілінің көр- кемдік қуатын әлемге таныту. Адам дамуы, жеке адамның же- тілуі, дамуы тәрбие жемісі деп санады. Тарихи тұрғыдан даму өзгерістерге әкеледі деген пікірін білдірген.
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551). Негізгі еңбектеріне
«Тарихи Рашиди», «Джаханнаманы» жатқызуға болады.
Негізгі идеялары: тәрбие адамды ақылдылыққа, адамгерші- лікке үйретеді деп санай отырып, адамгершілік пен ақыл-ой тәр- биесі ұғымдарын алғашқылардың бірі болып қолданысқа енгізді. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр бас кезіндегі педагогикалық идеялардың дамуы кезеңіндегі педагогикалық ой- лардың өркендеуіне үлкен үлес қосқан ағартушы-педагогтарға: Ш. Уәлихановты, Ы. Алтынсаринді, А. Құнанбаевты, Ш. Құдай-
бердіұлын, М. Жұмабаевты, т.б. атауға болады.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865).


Негізгі еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Манас», «Жоңғар очерк- тері», «Қырғыздар туралы жазбалар» және т.б.
Негізгі педагогикалық идеялары: қазақ халқының білімінің сипаты гумандық, халықтық сипат алады деп санаған; әділетке бі- лім мен ғылым ғана жеткізеді; көшпенділер прогресі оқу-ағарту барысында еркін дамыды. Сондай-ақ ол қазақ халқы есігінде құл- пысы, жерінде абақтысы болмаған халық деген терең философия- лық ойдың да авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет