К. Ж. Қожахметова


Педагогикадағы мақсатты анықтау



бет20/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Педагогикадағы мақсатты анықтау




Мақсаты: адам тәрбиесiнiң қоғамдық өзгерiстермен диалектикалық бiр- лiкте дамып, толығып отыратындығын ғылыми және өмiрлiк фактiлермен дәлелдеп көрсету.
Жоспары:

    1. Тәрбие – қоғамдық категория ретiнде.

    2. Тәрбиенiң қоғамдық-әлеуметтiк құбылыс ретiндегi даму тарихы.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, адам, қоғам талаптары, қозғаушы күш, нарық та- лаптары, ұлттық тәрбие, тәрбие моделi.


    1. Тәрбие – қоғамдық категория ретiнде


Тәрбие адамзат қоғамының пайда болуымен бiрге бiте қайна- сып, дамып келе жатқаны бәрiмiзге де белгiлi. Педагогика ғылы- мы адам тәрбиесi туралы ғылым болғандықтан, тәрбие мазмұны да адамзат қоғамымен қатар дамып, өзгерiп отырады.
Көптеген философтар қоғам өмірін басқарып, реттеп отыра- тын заңдарға талдау жасап, тәрбие мен қоғамның өндірістік күш- терінің даму деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дәлелдеді. Тәрбие қоғам дамуына ықпал етеді, ал қоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оның қоғам өмірінің маңызды саласы ретінде дамуына жағдай туғызады.
Қоғамдық-экономикалық формация нысанының өзгеруі тәр- бие нысанының да өзгеруін туғызады. Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты тәрбиенің мақсаты, міндеттері, нысандары өзгереді.
Тәрбиенің тар педагогикалық мәні – бұл тәрбиеленушіге ұжым- ның, тәрбиешілердің ұйымдасқан, нысаналы және басқарылып оты- ратын іс-қимылы, ол оқу-тәрбие ұйымдарында жүзеге асырылатын және бүкіл оқу-тәрбие процесін қамтитын алдын ала белгіленген са- паларды тәрбиеленушілерде қалыптастыру мақсатын көздейді.

Отбасының пайда болуымен және жеке меншiктiң шығуымен сәйкес тәрбие сипаты да бөлiне бастады. Үстем тап өкiлдерiнiң ба- лалары ақыл-ой мен дене тәрбиесiн, ал қаналушы тап өкiлдерiнiң балалары еңбек тәрбиесiн алды. Қоғамда және тiршiлiкте болып жатқан күнделiктi құбылыстар тәрбие мәселесiнiң алдына жаңа мiндеттердi қойып отырды.


Тәрбие бүгiнге дейiн бiр орында тұрған емес. Ол сан құбылып, сан өзгерiске ұшырап, қоғаммен бiрге жаңарып келедi.
Осыған орай, мемлекеттің дамуы тәрбие мен оқыту мақсатта- рының байланыстылығынан туады. Мақсат әртүрлі болады: мем- лекеттік, ұжымдық және топтық, салалық, тұлғалық. Мақсатты таңдау көптеген факторларға байланысты.
Педагогикалық мақсат төмендегі белгілі құрылымға ие:

    • мемлекеттік мақсат;

    • жеке білімдендіру жүйесінің мақсаты;

    • жеке пән бойынша оқыту және тәрбиелеудің мақсаты;

    • жеке тақырып немесе әрбір сабақ (дәріс, семинар сабақтар және т.б.) мақсаты.

Тәрбие мен оқытудың мемлекеттік мақсаты – нормативті мемлекеттік құжаттарда көрсетілген белгілі қасиеттері бар адам- дардың тәрбиесі мен оқуына берілген қоғамның сұранысы (заказ). Білім беру жүйесінің мақсаты әрбір білімдендіру сатысы үшін анықталған: бастауыш, негізгі, толық орта мектеп, кәсі- би білімдендіру, жоғары білімдендіру. Осы білімдендіру дең- гейлерінің өзіндік мақсаты бар және өзара байланысқан болуы
мүмкін.
Сонымен қатар кез келген оқытылатын пән өзіндік оқыту жә- не тәрбие мақсаттарына ие. Себебі оның әрқайсысының (физика, химия, әдебиет және т.б.) нақты зерттеу аймақтары бар. Ал пән- дегі әрбір сабақтың тақырыбы, дәріс немесе сабақтан тыс шара- лар өзіндік нақты мақсатқа ие болуы керек. Педагогика ғылымы- ның даму тарихында қоғамның өзгеруіне, тәрбиелеу және білім- дендіру процесінің қоғам талаптарына байланысты тәрбие мен оқу мақсаттары өзгеріп отырған және өзгеріп отырады. Мысалы, кеңес уақытында тәрбие мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуын қалыптастыру болып табылды және осы мақ- сатта оқу жоспары мен бағдарламалар жасалды. Соңғы жылдары тәрбие мен оқыту дағдарысқа ұшырады, себебі бұл асырасілтеу- шілік және орындалуы мүмкін емес еді. Ал мектеп бағдарлама-

сының шексіз ізденуі мен оқу пәндерінің сандарының өсуінің со- ңынан қуу кесімді нәтижелерге әкеліп соқты.


Тәрбие халықтық дәстүрлер мен iзгi қасиеттердi жас ұрпақтың бойына сiңiру арқылы баланың қоршаған ортадағы қарым-қаты- насын, дүниетанымын, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыруды көздейдi.
Баланың дамуы күрделi қайшылықтары бар процесс болып та- былады. Бұған негiзгi үш фактор әсер етеді:

    • тұқымқуалаушылық;

    • орта;

    • тәрбие.

  1. Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың бо- луы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы, балаға ата-ана- дан дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауыса алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп ата- лады. И.П. Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қор- ғану, бағдарлау, тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұлар адамдар- мен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым- қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.

  2. Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық орта, үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып бөлiнедi. Мысалы, солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез-құлқы мен әрекетiнде өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның тем- пературасы мен табиғаты болмысына өз ықпалын тигiзедi.

Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. Тiптi бiрдей ортадағы басқа отбасыларында тәрбие ал- ған балалар әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi:

    • отбасының құрамы;

    • отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың отба- сындағы реттiк саны;

    • отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай;

    • отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қа- тынас;

    • отбасындағы қолданылатын салт-дәстүрлер.

Жеке адамның қалыптасуына ұжымның әсерi де ерекше. Ұжымның өзi балалар ұжымы, еңбек ұжымы, отбасылық ұжым,

ортақ шығармашылық қызығушылығына байланысты қалыптас- қан ұжым және т.б. болып бөлiнедi. Баланың қалыптасуына оның құрдастары мен ұжымдағы достарының ықпалы ерекше әсер етедi.



  1. Тәрбие – баланың дамуына ықпал ететiн негiзгi әрi ше- шушi фактор. Тәрбиенiң басқа факторлардан айырмашылығы ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал етуiнде. Сон- дықтан тәрбие адам дамуы үшiн басқарушы рөл атқарады. Жеке адамның, әсiресе балалық және жасөспiрiм шақтарында дамып, жетiлуi, ең алдымен тәрбиенiң ықпалы арқылы жүрiп отырады. Бiрақ тәрбиенiң дәрежесi мен сипаты көп жағдайда тәрбиенiң да- му заңдылықтарын қаншалықты ескіргенiне байланысты бола- ды. Сөйтiп, тәрбие мен дамудың арасында екi жақты байланыс орнайды. Балаларды дамытудың аса маңызды шарты қарым-қа- тынаста болу және iс-әрекетке түсу болып табылады. Бала ересек адамдардың көмегi арқылы сонау балдырған шағынан-ақ сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасайды.

Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлердi iшкi және сыртқы деп екi топқа бөлiп қарастыруға бо- лады. Қоршаған орта мен тәрбие – сыртқы әсерлер. Өйткенi ол табиғи икемдiлiкпен және құмарлықтармен байланысты. Сыртқы тәрбие – орта әсерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстар- дың жиынтығы. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың байланысы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ халқы ерте кезден-ақ бұл факторлардың адам тәрбиесiнде өте маңызды екендiгiн бiлген. Адамның тектiлігiн жоғары бағалау, оның ұрпақ тәрбиесiндегi бой көрсетуiне сену және т.б. түсiнiктер бүгiнге дейiн сақталып келедi. Бұл жөнiндегi деректер халықтың мақал-мәтелдерiнен, аңыз-әңгiмелерiнен айқын байқалады.
Қазіргі кезде шетелдерде, соның ішінде Еуропа және АҚШ тәрбие мен оқуға әртүрлі тұрғыдан, тәртіптілік дағдылар қалып- тастыратын тәрбие мен оқытуға прагматикалық тұрғыдан келуді көздейді. Бірақ мұндай тұрғыдан келу өзіндік ішкі түрткілерінсіз жалпы мәдениетті тұтынушы функционер қалыптастыру қаупін тудырады.
Өзіне білім беруді үйретіп, машықтандыруды, сондай-ақ адам- ды жан-жақты жетілдіріп, дамытуды қоса алған «тәрбие» өзінің әрекет аясын кеңейтіп, жаңа мазмұнға ие болады, бұл педагоги- каның бала тәрбиесі туралы ғылым деген тарихи атауына қайшы келеді. Ал іс-әрекет тек нақты мақсат қойғанда нәтиже береді.

Педагогика ғылымының да алдына қойған өзіндік нақты мақса- ты бар. Демек, қоғамға қажетті, бойында ізгі қасиеттері бар адам тәрбиелеуді көздейді.


С.И. Ожеговтың сөздігінен «мақсат» сөзінің мағынасы бір нәрсеге талпыну, оны міндетті түрде жүзеге асыруды білдіре- ді. Нәтижеге жетудің мазмұны, түрі, әдістері, құрамы мақсатқа байланысты. Нақты іс-әрекетті қайда және қалай жүзеге асыру керектігін мақсат көрсетеді. Мақсат – болашақтағы қажеттілік моделі, керек нәтиженің бейнесі. Болашақта жоспарланған нәти- жеге мақсат алып келеді.
Педагогика ғылымында мақсаттың ұғым ретінде маңызы зор. Тәрбие мен оқытудың мақсаттарын айқындаудың зор теориялық және практикалық мәні бар. Мақсатты ашық түсіну нақты нәтиже мен тиімді іс-әрекетке жеткізетіндіктен, кез келген педагогика- лық процесс міндетті мақсатқа бағытталған процесс болуға тиіс. Сондықтан педагогика ғылымында мақсаттылық – педагоги- калық іс-әрекет міндеттерімен байланысқан нақты мақсатты ай- қындау және таңдау процесі.
Негізінен, кез келген процесс міндетті түрде іс-әрекет «дви- гателі» ретінде мақсатқа ие болуы керек. «Мақсат» ұғымы фи- лософиялық категория болып табылады. Философияда мақсат- ты айқындау мен таңдауға: идеалистік, иммаменттік және ма- териалистік тұрғыдан келу айқындалған. Алғашқылар мақсатты құдіретті күштілер жаратылысымен анықталады, яғни құдай, рух десе, екіншілері мақсат әрбір тұлғаның ішкі сұраныстарына бай- ланысты дейді. Үшіншілер болса тәрбие мақсаты қоғам сұраны- сына байланысты деп айтады. Әрине, біз соңғы көзқарасты жақ- таймыз және сол тұрғыдан қарастырамыз.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет