К. Ж. Қожахметова


Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі



бет31/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
Байланысты:
Педагогика

тақырып

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі




Мақсаты: Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйелерi мен олардың сабақтастығы жөнiнде ғылыми бiлiмдер жүйесiн қалыптастыру.
Жоспары:

    1. Халыққа бiлiм берудегi ҚР «Бiлiм туралы» заңының мәнi.

    2. Білім беру жүйесінің міндеттері.

    3. ҚР үздiксiз бiлiм берудегi дамытудың негiзгi факторлары мен негiзгi қағидалары.

Негiзгi ұғымдар: Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi, бiлiм бе- ру стандарттары, әр типтi мектептер, нормативтiк құжаттар, үздiксiз бiлiм берудiң принциптерi.
    1. Халыққа бiлiм берудегi


ҚР «Бiлiм туралы» заңының мәнi
Мемлекетіміздің демократиялық жолды таңдап, даму бары- сында халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы түбе- гейлі өзгеріп, соның салдарынан білім беру жүйесінің де қайта құрылуы қажет болды. Бұл тұрғыда іске асырылып жатқан ре- формалар, алдыңғы жетістіктерді негіздей отырып, білім бе- ру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеуді қажет етуде. Осыған орай, білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, білім беру жүйесін жаңаша бағытта құ- растыру өзекті мәселелерге айналды. 1999 жылы, 2007 жылы бі- лім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы

мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары және де орта білімнің даму тұжырымдамасы, білім берудің жалпыға міндетті мемле- кеттік стандарттары бекітілді.


Қазақстан Республикасында үздiксiз бiлiм беру процесi хал- қымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетiне, экономикасына және саяси өмiрiне негiзделiп iске асырылады. Қазақстан Рес- публикасының тәуелсiздiгiне орай бiлiм беру мәселелерi жаңаша бағытта дамуға көштi. Осыған сәйкес ҚР бiлiм беру туралы заң қабылданып, онда бiлiм берудегi мақсат пен жаңа мiндеттер ай- қындалып көрсетiлдi.
Заң бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың төмен- дегiдей негiзгi қағидаларын орнатты:

  1. ҚР азаматтары бiлiм алуға тең құқылы.

  2. Әрбiр азамат үшiн интеллектуалдық дамуы мен психофи- зиологиялық және жеке бастарының қажеттiлiгiне сәйкес, бiлiм- нiң барлық саласының қолжетерлiк болуы.

  3. Бiлiмнiң зайырлылығы.

  4. Жеке тұлғаның бiлiмiнiң және дарынының дамуына жағдай жасау.

  5. Оқыту мен тәрбиелеудің бiрлiгi, бiлiм алу жүйесiнiң үз- дiксiздiгi.

  6. Бiлiм беру ұйымдарының меншiк түрiне, оқыту мен тәрбие- леу түрiне, бағыттарына байланысты әртүрлi болуы.

  7. Бiлiм беру ұйымдарының өкiлеттiлiгi және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

  8. Бiлiм беру iзгiлiктi әрi дамыту бағытын ұстануы керек.

  9. Бiлiмнiң ғылыммен, өндiрiспен байланысы.

  10. Оқушыларды кәсiптiк бағытқа бейiмдеу.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет