Тәрбие іс-әрекеті тәрбиенің заңдылықтарын есепке алған жағ- дайда нәтижелі болады. Сонымен, тәрбиенің негізгі заңдылықтары:
Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың сипатына байланыстылығы.
Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен, басқа адамдармен қарым- қатынасына тәуелді болу заңдылығы. Қарым-қатынас жағымсыз болса, тәрбие нәтижесі де төмен болады.
Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы. Өмірден алған тәжірибе ең жақсы тәрбиеші қызметін атқарады.
Жеке тұлғаны тәрбиелеу, педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады. Тәрбиешінің сөзі мен ісі- нің бірлігі. Тәрбиеленуші тәрбиешінің ақыл-кеңесін, өз тәжірибе- сінен тексереді.
Тәрбие мазмұны, тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тари- хи кезеңіне тәуелді болады. Тәрбие мазмұнын анықтау үшін сол кезеңдегі ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін есепке алу керек.
Тәрбиенің мазмұны, әдістері, формасы тәрбиеленушінің жас, жыныс, және дара ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.
Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынасына тәуел- ді. Бір-біріне деген сенімділігі тәрбиенің нәтижелілігін арттырады.
Тәрбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді.
Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың (тәрбиеші, сы- нып жетекшісі, жоғары оқу орнында куратор, психолог, ата-ана, оқытушылар) іс-әрекеттерін келісіп іске асыруларына да тәуелді. Өзіміз көріп отырғандай, тәрбие заңдылықтары тәрбие про- цесінің нәтижесін суреттейді. Тәрбие заңдылықтарымен қатар,
принциптерін де тәрбие процесінде ұстану қажет.
Тәрбие принциптері дегеніміз – тәрбие процесін жүзеге асы- ру барысында ұстануға тиісті талаптар. Бұл талаптар, яғни прин- циптер төмендегідей:
– тәрбиенің өмірмен, қоғаммен байланыстылығы. Яғни тәр- бие қоғам сұранысын есепке алып отыруы тиіс;
– тәрбиенің міндеттілігі. Тәжірибеде іске асырылуы тиіс;
– кешенділік принципі. Тәрбие принциптері тұтастықта жүзе- ге асырылады;
– барлық принциптердің тепе-теңдігі. Принциптердің маңыз- дысы, маңызды емесі болмайды. Барлығын тең тұрғыда ұстанады;
– тәрбиенің гумандық принципі. Адамдарды құрметтеу, сый- лау, бір-біріне мейірімді бола отырып, талап қоя білу. Өзін басқа- ның орнына қоя білу;
– жағымды қасиетке сүйену принципі. Тәрбиеленушінің жа- ғымды қасиетін тауып, соған сүйене отырып тәрбиелеу;
– тұлға дамуына бағытталу принципі. Барлық тәрбиеленуші- лердің өзіндік ерекшеліктері бар: жынысы, жас, темпераменті, жинақтаған тәжірибесі, мінез-құлқы, даралығы. Сондықтан тәр- биеде мұндай ерекшеліктер міндетті түрде ескерілуі қажет.
Сонымен, аталған принциптерді тұтас ұстанып, тәрбие процесін- де жүзеге асырар болса, тәрбие жұмыстары қажетті нәтиже береді.