К. Ж. Қожахметова


Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама



бет29/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама


Жоғары сынып оқушылары «Неге?» деген сұраққа үнемi және табанды түрде жауап iздейдi және берiлген жауаптың жеткiлiк- тiлiгiне және негiздiлiгiне өз күдiгiн бiлдiрiп отырады. Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс – өзiндiк ақыл-ойдың және өзiндiк «Мен» бейнесiнiң қалыптасуы.


Мектеп оқушыларының жас және дара ерекшелiктерiн оқу- тәрбие процесiнде ескерiп отыру олардың дамуында өте маңыз- ды. Мектеп оқушыларын олардың қабiлеттерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Балалар типологиясында екi ерекше бағытты атауға болады:
– қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшелiктерi;
– дарынды балалар мен психологиялық жағынан қараусыз қалған балалар.
Қыз балалар мен ер балалардың физиологиялық дамуы, әсiре- се өтпелi кезеңде қарқынды жүретiндiктен, тәрбиеде ерекше на-

зар аудару қажет. Ал дарындылық балалардың оқу еңбегiнiң бар- лық сатыларында көрiнiп отырады.


Жоғары сыныпқа барғанда оқушылар бiршама қалыптасып, көзқарастары мен дүниетанымы орныққан болады. Онда тәрбие жұмысын жүргiзуде сенiм бiлдiру мен өзара түсiнiстiк негiзiнде ұйымдастырылған әрекеттер жоғары нәтиже берiп отырады.
Қорыта келе, бала тәрбиесiнде олардың жас және дара ерек- шелiктерiн ескерiп отыру өте маңызды. Өйткенi балалардың та- биғаты бiрдей болмағандықтан, оларға деген қатынас та бiрдей болмауға тиiстi. Балалар даралығы айқын байқалатын кезең – олардың өтпелi кезеңдерi. Сондықтан бұл кезде балаларға ерек- ше тәрбиелiк қамқорлық қажет. Осы кезеңде берiлген тәрбие олардың өмiрлiк қалыптасуының негiзiне айналады. Балалардың жас және дара ерекшелiктерiн ескеру олардың физиологиялық, психологиялық, дене және әлеуметтiк қалыптасуында да маңыз- ды. Бұл педагогикалық процестi ұйымдастыруда басқа ғылым бiлiмдерiн пайдаланудың қажеттiгiн көрсетедi.
Бақылау сұрақтары

  1. Жас ерекшелік ұғымын қалай түсінесіз?

  2. Бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктері.

  3. Жас ерекшелік мәселесін алғашқы қарастырған ойшылдар.

  4. Жасөспірімдер деп қай жастағы балаларды айтамыз?

  5. Жасөспірім шақтың басталу және аяқталу кезеңі.

  6. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктері.

  7. Оқу-тәрбие процесінің жас және дара ерекшеліктерге сәйкестігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет