К. Ж. Қожахметова


Тәрбие процесі және оның ерекшеліктері



бет35/103
Дата11.10.2024
өлшемі6,1 Mb.
#147789
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Тәрбие процесі және оның ерекшеліктері


Жалпы білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесі тұтас пе- дагогикалық процесс болып табылады. Педагогика ғылымында тәрбиеге әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қарайды. Ол туралы біз жоғарыда айтып кеткенбіз. Біз оның құрылымдық ком- поненттеріне жекелеп тоқталайық.



  1. Тұлға қалыптастырудағы мақсатты бағыт жүйесі, яғни іс- әрекеттің мақсаты болғанда ғана ол тәрбие процесі бола алады.

  2. Арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесі. Демек, тәрбие жүйесінде бір ғана әдісті пайдалану мүмкін емес, бірін-бірі то- лықтырып отыратын бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы нәтижеге жету.

  3. Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара байланыстылығы. Мұнда тәрбиеші мен тәрбиеленушінің кері байланысынсыз нәти- женің болмайтындығы анық. Сондықтан да тәрбие процесінде ол екеуінің арасында гумандық, сыйласымдылық қарым-қатынас- тың болуы шарт. Тәрбие процесінің мәні педагогикалық жағдаят- тардың шешімін табу және оның себептерін айқындауға тікелей байланысты. Яғни педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі, тәр- бие процесі мен оның салаларын дұрыс ажыратып, сол тұрғыдын әрекет етуге тәуелді. Қазіргі таңда бұл мәселе төмендегідей жік- теледі:

– педагогикалық диагностика, яғни тәрбиеленушінің тәр- биелілік деңгейін анықтап, соған сай үйлесімді тәрбие процесін іске асыру міндеттерін айқындау;
– бағыт-бағдарлы жоба құру. Тәрбиені іске асыруды жоспар- лай отырып, оның мазмұнын, формасын, әдістерін анықтау;

– ұйымдастырушылық, яғни жоспарланған іс-әрекетті іске асырудың тәсілдерін, жүргізілу жолдарын белгілеу;


– нәтижені бақылау және бағалау. Тәрбие процесінің іске асырылуын бақылай отырып, нәтижесін бағалау.
Ал тәрбие процесінің ерекшеліктеріне келер болсақ, жоғары- да айтып өткендей, тәрбие мен оқыту – өзара байланысты тұтас іске асырылатын процесс. Бірақ олардың іске асырылуындағы ұқ- састықпен қатар айырмашылықтар да бар. Алдымен ұқсастығына тоқталар болсақ:
– тәрбие процесі құрамына оқытудың элементтері енеді, мы- салы белгілі бір ережені орындауды талап етпестен бұрын, оны орындауға үйрету қажет;
– оқыту процесі оқытушы мен оқушы қарым-қатынасын ұйымдастырудан тұратын болса, іс-әрекет барысында оқытушы тәрбиелеушілік қызметті де атқарады;
– оқыту мен тәрбиелеу процесінде бірдей әдістер қолданыла- ды (түсіндіру, бақылау, т.б.).
Екеуінің айырмашылығы оқыту барысында әртүрлі ғылым- дардың негізін меңгерту көзделсе, тәрбие процесінде оның жеке қасиеттерін қалыптастыру көзделеді.
Сонымен, тәрбие процесінің сипаты:
– мақсатты бағытталумен (мақсат нақты, анық болса, нәтиже де тиімді);
– мақсаттың бірлігі (тәрбиеленуші мен тәрбиешінің қызмет- тестік көрсеткіші);
– ұзақтылығы (нәтиже, оқыту процесіндегідей бірден көрін- бейді);
– көп факторлылығы (тұлғаға жағымды, жағымсыз көптеген факторлар әсер етеді);
– тәрбие процесінің үздіксіздігі (бір рет іске асыру деген мүл- дем болмайды);
– кешенділігі (мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, түрлерінің тұтас- тығы);
– вариативтілігі (тәрбиеленуші жеке ерекшеліктерімен, әлеу- меттік тәжірибесімен ерекшеленеді);
– қарама-қайшылығы (тәрбиенің қозғаушы күші).
Қорыта келе, өзіміз көріп отырғандай, оқыту мен тәрбие тұтас процесс болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де бар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет