К. Ж. Қожахметова


Маманның базалық мәдениеті – жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу негізі



бет41/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Маманның базалық мәдениеті – жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу негізі


Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастырудың қозғаушы күштері ретінде педагог-психолог мамандар мына жағдайларды қалыптастырады:
– жаңа мүдделер, талаптар, мазмұндар, ұмтылыстар мен тұл- ғаның даму мүмкіншілігінің жеткен деңгейі арасындағы;
– жаңа танымдық практикалық міндеттер мен бұрын қалып- тасқан ойлау тәсілдері арасындағы;
– тұлғаның дамуындағы жеткен деңгей мен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның алатын орны, іс- тейтін қызметтер арасындағы;
– жақсы жетістіктерге ұмтылыс пен қиындықтарды жеңіп шығудағы қорқыныш;
– дербестікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жеткілік- сіздігі арасындағы қайшылықтар жиынтығы.
Педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық мәде- ниетін қалыптастыруда педагогикалық әсер ету құралы ретінде философияның маңызы зор, яғни ол біртұтас педагогикалық про- цесс теориясының әдіснамалық негізін құрайды.
В.П. Симонов педагогикалық процесс компоненттерін көруге мүмкіндік беретін педагогикалық процесті кесте түрінде көрсетеді.





Педагогикалық процесс компоненттері
1-кесте







Педагогикалық процестің құрылымы – бұл педагогикалық жүйе- нің компоненттеріне енетін оны құратын бөлімдерінің жиынтығы.
Педагогикалық процестің компоненттері:
– мақсат – тәрбиелеудің мақсатын анықтау;
– мазмұн – тәрбиенің мазмұнын құру;
– операциялық әрекет – тәрбиелейтін әрекетті ұйымдастыру мен процеске қатысушылардың өзара әрекеттестігі;
– нәтиже бағалау – тәрбие нәтижесін бағалау, тексеру, анализ жасау.
Әрекеттің тағы бір компоненті – коммуникативтік, бұл тәр- биелеуде субъект пен объектінің болуын қарастырады, басқаша айтқанда, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, ересек пен баланы, тәрбие процесіндегі қарым-қатынасты көрсетеді. Бұл тәрбие процесінің маңызды сипаты, ол туралы төменде қарастырылады.
Педагогикалық процестің құрылымына сәйкес педагогикалық әрекет те құрылады: мақсат, мазмұн, әрекеттің әдістері мен түрле- рі, нәтижелі бағалау мен талдаудан құралады.
Мақсатты анықтау педагогикалық диагностиканы қажет ете- ді. Педагогикалық процестің кезеңдері педагогикалық әрекет- тің қайталануы мен циклденуі: диагностика, жобалау, орындау, бақылау туралы ой тудыру. Ғалым Б.П. Битинас педагогикалық процесті талдай келе, оның құрамына педагогикалық ситуацияны ендіреді.
Білім беруді адамның әлеуметтік тұрғыдан есеюі және өзіндік даму процесі ретінде қарастырар болсақ, алдымен адамның әлеу- меттенуі, содан кейін студенттерге әсер етудің арнайы ұйымдас- тырылған жүйесі.
Жастардың көпшілігінің тәрбие деңгейінің төмендігі, олардың жеке басының өзімшілдігі, рухани жұтаңдығы, саясаттан алшақ- тығы қоғам бейнесінен көрініс береді.
Тәрбие барысында жоғары оқу орындары студенттернің жоға- ры мәдениетінің қалыптасуы мен болашақ мамандардың әлеумет- тік және мәдени біліктілігінің дамуына, олардың маман, азамат ретінде қалыптасуына әсер ететін ортаны құрастыру көзделеді.
Жоғары білімді азаматтардың мәдениеті дегеніміз – әрбір же- ке тұлғаның оңтайлы, жоба құруға бағытталған ақыл-ойының жетілуі, жағымды қарым-қатынасы, азаматтық жауапкершілігі, адамгершілік құндылық қасиеттерінің маман тұлғасынан көрініс беруі.

Жоғары мәдениеттің құрамдас бөліктеріне:


– адамның рухани дүниеге көзқарастық бағыттары: қажетті- ліктері, қызығушылықтары, әрекет себептері, құндылық бағдар- ларының жоғары шығармашылық еңбекке бағытталуы;
– Қазақстанда әлемдік қауымдастықта өз әлеуеті негізінде экономикалық даму мен басымдылық жағдайға тұлғаны бағыт- тайтын ұлттық қасиет, патриотизм;
– рухани адамгершілік және материалдық мәдениет құнды- лықтарын меңгеру: іргелі ғылымдар саласындағы танымдық мә- дениет; экономикалық, азаматтық, саяси, құқықтық, дене, эколо- гиялық мәдениет және негізгі өнерлерін жатқызуға болады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет