К. Ж. Қожахметова


Тәрбиенің негізгі бағыттары



бет42/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Тәрбиенің негізгі бағыттары


Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының бағыттары: ру- хани адамгершілік, қоғамдық-саяси және құқықтық, патриоттық және ұлтаралық, мәдени-эстетикалық және этномәдениеттік, па- расаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік, экологиялық, эко- номикалық, салауатты өмір салты тұрғысында іске асырылады. Оларды қысқаша қарастырып көрелік.


Рухани адамгершілік. Рухани адамгершілік мәдениеті оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өз іс-әрекеттерінде іске асы- рылатын әлеуметтік мәні бар қасиеттер жүйесінің жетілуі және дамуынан көрінеді. Мысалы, ЖОО осы бағытта мақсатты, жос- парлы тұрғыдан мамандардың адамгершілік бейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Қоғамдық-саяси және құқықтық. Қоғамдық-саяси және құ- қықтық мәдениеті оқушылардың өмірге белсенді көзқарасы, идея- лық саяси көзқарастары мен сенімдерін, Қазақстан Республика- сының заңдары мен заңдық актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта оқушылармен қоғамдық өмір туралы, оның дамуы тура- лы, қазіргі заманның күрделі мәселелерін түсіндіру, саяси мәде- ниет қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар (дәрістер, әңгіме- лер, кештер және т.б.) жүргізілуі тиіс.
Патриоттық және ұлтаралық. Қазақстан Республикасы аза- маттарының жалпы ұлттық санасын қалыптастыру, Отанға сүйіс- пеншілігін, мемлекеттік рәмізді, тілді құрметтеуге, толеранттық- қа тәрбиелеу көзделеді. Тұлғаны тәрбиелеу мен білімдендіруде

маңызды рөл атқаратын құқықтық тәрбие мен білім. Яғни қо- ғамның әрбір азаматының ҚР заңдарын білу және оны сақтау- ға тәрбиеленуі аса қажет. Көптеген жеке адамдар өз құқықтары мен заңды білмегендіктен, тығырыққа тірелетіні де шындық. Сол үшін де жастардың бүгінгі күні құқықтық санасын тәрбие- леу өзекті мәселелер қатарынан орын алуда. В.А. Сухомлинский:


«Қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына не- гізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқық- тық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтары- на қалыптастырады», – деген ойын айтқан.
Құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен қатар ол азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап, оларды жүзеге асыруға заң жүзінде кепілдік береді.
Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген ере- жеге, қабылданған заңдарға сай болуын талап етеді. Сол талап- тарға сай өмір сүру үшін, ең алдымен оларды білу қажет. Бұдан құқықтық тәрбиенің мақсаты туындайды, яғни ол жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау мен сыйлауға, елін, жерін, оның байлығын қорғауға тәрбиелеу. Ол үшін:
– жастарға мемлекет, оның құрылымы, құқық және құқықтық нормалар туралы білімдерді меңгерту;
– мемлекет рәміздерін, заңдарын сыйлау мен қорғауға тәрбиелеу;
– өмір сүру дағдыларын заң, ережелерге сай құрастыруларын дағдыландыру;
– адам және оның құқын, таңдауын құрметтеуге үйрету қажет. Әсіресе болашақ заңгер мамандарды тәрбиелеуде құқықтық тәрбиенің маңызы зор. Ертеңгі заң қорғаушылардың адамгерші- лік құндылық қасиеттерінің қалыптасуы да алдымен тәрбиеге байланысты. Осы тұрғыдан алғанда құқықтық білім беруді адам- гершілік тәрбиемен ұштастырып, байланыстырып отырған дұ- рыс. Яғни ұлттық, құқықтық, адамгершілік сананы қалыптастыру
қажет, ол қоғамдық сананың ерекше түрі.

Бүгінде әлемдік деңгейде адамдардың құқығын қорғайтын


«Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» бар. Бұл өзіндік тұрғыдан бүкіл әлем азаматтарының құқын қорғайтын бірден-бір құжат болып табылады. Сондай-ақ құқықтық тәрбие мен білімді халық тағылымдары арқылы да берген дұрыс деп ой- лаймыз. Этнограф ғалым Ш. Уәлиханов қазақ халқы «есігінде құлпысы, жерінде абақтысы болмаған халық» деп сипаттауында философиялық үлкен мән бар. Сонымен қатар құқықтық мәсе- лелерді педагогикалық тұрғыдан қарастырып, шешуге тырысып көру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет