К. Ж. Қожахметова


Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері



бет56/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103
Байланысты:
Педагогика

Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері


Оқытудың ұйымдастырылуы формалары мен әдістерін таң- дау педагогикалық процестің жалпы әдіснамасының ұстанымдық ережелері негізінде дамиды және оқушылардың танымдық әре- кеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытудың әдіснамалық негізі арнайы құрастырылады. Соның ішінде бихевиоризм және прагматизм – оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең та- ралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенциализм мен неотомизмде қосылады. Олар оқытудың рөлін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл-ойды дамытуды тәуелді деп таниды. Жаңа ба- ғыттардың ішінде Д. Бруннердің (АҚШ) жасаған «жаңалық ашу арқылы оқыту» тұжырымдамасына ерекше назар аударуға бола- ды. Бұл тұжырымдама бойынша оқушылар дүниені өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімдері арқылы жетеді деп біледі. Ал шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және соның негізінде тиісті қорытындыны жасау ғана емес, сонымен қатар оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау деп есептейді.


Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені та-
нудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқу- шылардың іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады. Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы субъективті жаңа- ны таниды және ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.
Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үне- мі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде қарама-қайшылықтар маңызын есте сақтау керек. Мұндағы негізгі қайшылықтар оқыту процесіндегі қозғау күші, өйткені таным процесі үздіксіз іс-әре- кеттегі шынайы құбылыс. Бұл тұрғыда М.А. Данилов оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндет- термен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағды- лары деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынаста-

рының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді. Ал пе- дагогикалық процестің қозғаушы күші тұлға дамуының қарама- қайшылықтарымен байланысты деп тұжырымдайды.


К.Д. Ушинский өзінің «Адам – тәрбие пәні» атты еңбегінде баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта келе, баланы білімдендірудің негіз- гі факторы оқыту мен тәрбиелеу деп көрсетеді. Оқыту мен тәр- биелеу – бірін-бірі үнемі толықтырып отыратын педагогикалық процестің құрамдас бөлігі. Бұл тұрғыда психолог ғалым Л.С. Вы- готский де оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін, оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс; оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму проце- сінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;оқыту мен да- му екі түрлі салыстырмалы процесс; оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін деп қарастырады. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов оқыту мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептесе, Н.А. Менчинская, Д.И. Богоявленская, Е.А. Каба- нова – Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиім- ділігі ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдейді. Л.В. Занков оқытудың дамы- тушылық әдістеріне, ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдаса, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина бала ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттері- нің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеген, Т.В. Кудрявцев, А.М. Мотюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана дамитынын дәлелдеген.
Оқыту процесі психологиялық тұжырымдамаларға сүйене оты-
рып, дидактикалық жүйелерге негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылым- ды жасайтын элементтер жиынтығын құрайды. Педоцентристи- калық тұжырымдамада оқытудағы басты рөлге оқуға баланың іс-әрекетін ұйымдастыруды жатқызады. Бұл тәсілдің негізінде Д. Дьюидің жүйесі, Т. Кершенштейнердің еңбек мектебі, В. Лай- дың ХХ ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теорияларын жатқызуға болады. Қазіргі кездегі дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу оқытудың іс-әрекетінен тұ- рады, олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін


құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Сонымен қатар дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған (Л.В. Занков, З.И. Калмыкова, Е.Н. Кабанова – Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдамаларды (Г.А. Цукерман, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, С.А. Смирнов) ерекше атауға болады. Бүгінде маңызды дидактикалық танымдық тұжырымдамалар: дамыту тұжырымдамасы (Г.И. Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжы- рымдамасы (Л.В. Занков, т.б.), проблемалық оқыту тұжырымда- масы (М.И. Махмутов, т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптас- тыру теориясы (П.Я. Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер, т.б.), мазмұнды толықтыру теориясы (В.В. Давыдов, т.б.), оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К. Бабанский), оқушы- лардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И. Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И. Махмутов, В.А. Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А. Зорина, М.К. Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д. Хмель, т.б.), оқытудың тұжырымдық тәсілі теориясы (В. Дья- ченко, т.б.). Бұл аталған теориялар мен тұжырымдамалардың оқыту
процесінде маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет