Тыгыз қалыптасқан дəнекер ұлпалары талшықтарының түріне
байланысты өз кезегінде коллагенді жəне эластинді тығыз дəнекер ұлпалары
болып бөлінеді.
Коллагенді тығыз қалыптасқан дəнекер ұлпасы бұлшық ет
сіңірлерін, беткей жəне терең шандырларды, буындар байламдарын құрайды.
Коллаген талшықтары бір бағытта тығыз орналасып, біріншілік талшыктар
будаларын түзеді. Коллаген талшықтарының будалары аралықтарында
фиброциттер бір қатарда орналасып, біріншілік коллаген талшықтары
будаларын бір-бірінен бөліп тұрады. Өз кезегінде бірнеше біріншілік
талшықтар будалары жұка борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы
бір—бірінен бөлініп, екіншілік талшықтар будаларын құрайды. Бұлардың
аралықтарындағы борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтарды эндотеноний
(сіңіріштік дəнекер ұлпасы) — деп атайды. Эндотеноний арқылы сіңірге
қоректендіргіш қан жөне лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Бірнеше
екіншілік талшықгар будалары қатар орналасып, бір-бірімен қалыңдау
борпылдақ
дəнекер
ұлпалық
аралықтармен
жалғасып,
үшіншілік
талшықтар будаларын құрайды. Үшіншілік талшықтар будаларын бір-
бірімен байланыстырып түратын, олардың аралықтарындағы қалың
борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтарды перитеноний — деп атайды.
Жануарлар организмдеріндегі көптеген сіңірлер мен байламдар үшіншілік
коллаген талшықтарының будаларынан кұралған. Сіңірді сыртқы жағынан
қаптап жатқан дəнекер ұлпалық қабықты эпитеноний дейді. Өте жуан
бұлшық ет сіңірлері төртіншілік коллаген талшықтарының будаларынан
түзілуі мүмкін.
128
56 — сурет. Коллагенді тығыз қалыптасқан дəнекер ұлпасы (ұзынынан