К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет130/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

қоңыр май ұлпасы жаңа туған төлдер мен қыста ұйықтайтын жануарларға


129
(аю, 


кеміргіштер


т.б.)

тəн.
Ақ

май
ұлпасы

липоциттерінің


цитоплазмаларында түсі ақ, көлемі тым үлкен бір ғана май тамшысы болады. 
Олардың жалпы көлемінің 39/40 бөлігін май тамшысы алып жатады. Май
тамшыларының қысымынан жалпактанған липоциттер ядролары май 
жасушалары цитоплазмаларының шеткі жақтарына ығыса орналасады. Ядро
маңыңца Гольдж кешені, липоциттің май тамшысының сыртындағы жұқа 
келген цитоплазмасында жекеленген митохондриялар, аздаған гранулалы
эндоплазмалық тор жəне рибосомалар кездеседі. Қоңыр май ұлпасын 
цитоплазмасында қоңыр түсті көптеген ұсақ май тамшылары болатын,
дөңгелек ядролы, пішіні көп бұрышты болып келетін майда липоциттер 
құрайды. Май жасушалары цитоплазмасында Гольдж кешені жəне пішіні
дөңгелек келген көп қырлы қоңыр түсті митохондриялар кездеседі. 
Митохондриялар құрамында темір бар қоңыр пигмент — цитохром көп
болады. Липоциттердің қоңыр түсті болуының өзі осы пигментке 
байланысты. Қоңыр май ұлпасының тотықтану қабілеті ақ май ұлпасымен
салыстырғанда 20 есе артық. Демек, қоңыр май ұлпасы жылу энергиясын 20 
есе артық шығарып, жаңа туған төлдің жəне ұйқыдағы жануарлар денелерін
жылытып, қоршаған ортадағы суықтан сақтайды. 
57 — сурет. Ақ май ұлпасының құрылысы
1 - липоцит ядросы, 2 — липоцит цитоплазмасындағы май тамшысының орны, 3 — 
борпылдақ дəнекер ұлпасы.


Пигментті дəнекер ұлпасы — құрамында көп өсінділі тармақты 
пигментті жасушалар — меланоциттер болатын талшықты борпылдақ
дəнекер ұлпасы. Меланоциттер цитоплазмасында бояғыш зат — меланин 
пигменті шашыла орналасады. Меланоциттердің ядролары дөңгелек пішінді
болып келеді. Жануарлар организмдерінде пигментті дəнекер ұлпасы көздің 
нұрлы жəне тамырлы қабықтарында, терінің пигменттелген бөліктерінде
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет