Эластинді тығыз қалыптасқан дəнекер ұлпасы бассүйек, мойын жəне
көкірек омыртқаларын өзара байланыстыратын желкені, жота үстілік жəне
жота өсінділері аралық байламдарды құрайды. Оның құрылысы коллагенді
тығыз қалыптасқан дəнекер ұлпасына ұқсас. Тек, коллаген талшықтарының
орнында эластин талшықтары болады.
Тығыз қалыптаспаған дəнекер ұлпасы тері дермасының торлы
қабатын құрайды. Аталмыш ұлпаны да коллаген талшықтарының біріншілік
жəне екіншілік будалары құрайды. Бірақ, олар əр бағытга орналасып, бір-
бірімен ілмектеніп торланып, пітттіні əр түрлі берік торлар түзеді. Біріншілік
коллаген талшықтары будаларының аралықтарында фиброциттер қатарлары,
ал екшшілік коллаген талшықтарының будалары араларында эндотеноний
(борпылдақ дəнекер ұлпасы) жатады.
Арнайы қасиеттері бар дəнекер ұлпалары
Арнайы қасиеттері бар дəнекер ұлпаларының жасушалары біркелкі
болып келеді. Бұларға ретикулалы (торлы), май жəне пигментті ұлпалар
жатады.
Ретикулалы дəнекер ұлпасы ретикулоциттерден (жасушалары) жəне
ретикулин талшықтарынан (жасушааралық заты) тұрады. Ретикулин
талшықтарын ретикулоциттер түзеді. Торлы дəнекер ұлпасы кан жасау
мүшелерінің (сүйектің қызыл кемігі майы, көкбауыр, лимфа түйіндері, лимфа
түйіншелері) негізін (стромасын) түзіп, аталған мүшелердегі қан жасау
процестеріне қолайлы микроорта түзеді.
Май ұлпасы жануарлар организмдеріндегі куаттың (энегияның) көзі
жəне метаболизм суының қоры болып саналатын негізінен үш глицеридті
липидтің (майдың) қоры. Май ұлпасы организмдегі дене қызуын реттеуте
қатысып, көптеген мүшелерде серпімділік жəне қорғаныс қызметтерін де
атқарады. Аталмыш ұлпаны бір-бірінен борпылдақ дəнекер ұлпалық
аралықтармен бөлінген май жасушаларының (липоциттердің немесе
адипоциттердің) топтасып жаткан бөліктері құрайды. Май ұлпасының
бөліктері негізінен қан тамырларының бойында орналасады. Бөліктердегі əр
бір липоцит сыртынан ретикулин талшықтарының торымен қоршалған.
Олардың
аралықтарында
фибробласттар
мен
шырлы
жасушалар
(лаброциттер) кездеседі. Бөліктердегі липоциттер өзара тығыз орналасады.
Борпылдақ дəнекер ұлпасы арқылы май ұлпасын қоректендіретін қан, лимфа
тамырлары жəне жүйкелер өтеді. Жануарлар организміндегі май ұлпасы
құрылысына байланысты: ақ жəне қоңыр май ұлпасы болып екіге бөлінеді.
Ересек жануарлар организмдерінде негізіне ақ май ұлпасы болады. Ал