К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет133/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   607
Талшықты шеміршек — омыртқалар денелерінің аралығындағы
шеміршек дискілерді, жамбас сүйектері арасындағы жікті (симфизді) жəне 
сіңірлердің сүйектерге бекитін жерлеріндегі шеміршек ұлпасын құрайды.
Талшықты шеміршек ұлпасының хондроциттері, осы ұлпаның жасушааралық 
затыңдағы коллаген талшықтарының ірі шоғырлары аралықтарында қалған
қуыстарда орналасады. Хондроциттер сыртынан қапшықтармен қапталып, 
қатар-қатар болып жатады.
Сүйек ұлпасы 

Сүйек үлпасы - басқа дəнекер ұлпалары секілді жасушалардан жəне
жасушааралық 
заттан
құралып, 
жануарлар
организмінде 
тіректік,
механикалық, қорғаныс қызметтерін атқарады. Бұған қоса, сүйектерде 
кальций, фосфор жəне т.б. тұздардың жəне майдың қоры сақталады. Сүйек
ұлпасы жасушааралық затының 70% -ын бейорганикалық қосылыстар 
құрайды. Оларға су мен түрлі тұздар (28,2%) жатады. Тұздардың: 85,5% -ы
кальций фосфаты, 10,5% -ы кальций карбонаты, 1,5% -ы магний фосфаты, 
3% -ы хлорлы натрий (ас түзы). Жануарлардың қаңқа сүйектерінде
организмдегі кальцийдің 97% -ы жинақталған. Сүйек ұлпасы органикалық 
затының 95% -ы коллаген белогі, ал қалған бөлігін гликопротеидтер,
липидтер жəне гликозамингликандар (хондроитинсульфат, кератансульфат 
жөне басқа глюкозаминдер мен галактозаминдер) құрайды. Сүйек ұлпасына
органикалық заттар иілгіштік жəне серпімділік, ал бейорганикалық 

заттар қаттылық қасиеттерді береді. Сүйек ұлпасының беріктігі осы екі
қасиеттердің ара қатынастарына байланысты. Егер сүйек ұлпасындағы 
тұздардың үлесі қалыпты көрсеткіштен аз болса, онда сүйек иілгіш, ал
керісінше, олардың үлесі нормадан көп болса, онда сүйек сынғыш келеді. 
Жануарлар организмдерінде сүйек ұлпасының үш түрі болады. Олар бір-
бірінен құрылысы, физикалық қасиеттері жағынан жəне жасушааралық 
затының сипатына байланысты ажыратылады. Оларға: ірі талшықты


132
(біріншілік), пластинкалық (екіншілік) жəне дентинді сүйек ұлпалары 


жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет