К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


— сурет. Сүйек ұлпасының мезенхимадан дамуы (Петерсон бойынша)



бет135/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

59— сурет. Сүйек ұлпасының мезенхимадан дамуы (Петерсон бойынша). 
а — жаңадан түзілген сүйек ұлпасынын жасушааралық заты, б — остеобласттар. 


60 — сурет. Остеоциттердің торлы сүиектегі орналасуы (Максимов бойынша). 
Остеоциттер денелері сүйек ұлпасының жасушааралық затындағы шұңкырларда 
орналасады. Остеоциттер өсінділері сүйек өзекшелері аркылы өтіп, бір-бірімен
байланысып жатыр. 


Остеоциттер — сүйек ұлпаларының негізгі жетілген жасушалары.
Пішіні сопақ немесе көп бұрышты өсінділі тармақты остеоциттердің 
цитоплазмасында органеллалар көп болмайды, ядросы ірі болады.
Остеоциттер денелері сүйек ұлпасының жасушааралық затындағы арнайы 
қуысты шұңқырлар — лакуналарда (лат. lacuna — ойыс, шұңқыр)
орналасады. Ал олардың өсінділері жатқан тар саңылауларды сүйек 


өзекшелері — деп атайды. Остеоциттер жасушааралық затты түзу
қабілетінен айырылған сүйек жасушалары. Бірақ, бұлар жасушааралық 

133
заттың тұздар құрамын жəне сүйек ұлпасындағы жалпы зат алмасуды 


реттеуге қатысады. Тіршілігін тоқтатқан остеоциттерді остеокласттар сүйек


ұлпасындаға бөгде зат ретінде қармап, фагоцитоз арқылы ерітіп жояды. 


Остеокласттар — диаметрі 90-100 мкм -дей көп ядролы ірі жасушалар.
Олар ескірген сүйек ұлпасы бөліктерін ерітіп жоюға маманданған, 
моноциттерден жетілетін макрофагтар. Остеокласттар цитоплазмаларында
гидролиттік ферменттерге бай көптеген лизосомалар, митохондриялар жəне 
Гольдж кешені болады. Сүйек ұлпасы жағындағы остеокласттардың
плазмолеммаларында фагоцитоз процесіне қажет ферменттерді бөлетін 
өсінділері, ал цитоплазмаларында гидролиттік ферменттер жиналған
көптеген 
көпіршіктер
болады.

Остеокласттардың


ядролары 
еріту
ферменттерін бөлетін плазмолемма өсінділеріне қарама-қарсы жағындағы 

цитоплазмаларында орналасады. Остеокласттар бұзылып, қайта кұрылып


немесе даму сатысындағы шеміршектер мен сүйектер аймақтарында көптеп 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет