К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет154/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қапталған сезімтал жүйке ұштары да, сезімтал нейроциттер
дендриттерінің соңғы тармақтары. Бірақ, жүйке ұштары жалаңаш емес. Олар 
арнайы сезгіш қабықтармен немесе қапшықтармен қапталған. Қапталған
сезімтал жүйке ұштары өз кезегінде: қапшықталмаған жəне қапшықталған 
рецепторлар болып екіге бөлінеді.

Қапталған қапшықталмаған рецепторларда сезімтал нейроциттер
дендриттерінің 
соңғы
жүйке

ұштары
сыртынан 


арнайы
сезімтал 
эпителиоцитермен немесе глиоциттермен қапталған. Бұндай рецепторларға
сезгіш тегіршіктерді (Меркел дискісі) жатқызуға болады. Терінің көпқабатты 
жалпақ эпителийі жасушаларының араларындағы дендриттердің сезімтал
жүйке ұштары сыртынан ерекше сезгіш глиялық жасушалармен қапталып, 
қысымдық тітіркеністерді қабылдайды. Сезгіш тетіршіктер шошқаның
жалпақ тұмсығында көптеп кездеседі. 


Қапталган қапшыкталған рецепторлар негізінен мүшелердің
дəнекер ұлпалық қабаттарында орналасып, қысымдық тітіркеністерді 
қабылдайды. Нейроциттер дендриттерінің сезімтал жүйке ұштары сыртынан
сезгіш глиялық қабықтармен қатар, оның сыртындағы қабатталып жатқан 

149
дəнекер ұлпалық қапшықпен қосымша қапталады. Бұларға сезгіш денешіктер 


(Мейснер денешігі), пластинкалық денешіктер (Фатер-Пачини денешігі),


жыныс мүшелеріндегі денешіктер (Догель денешігі), баданаша денешіктер 
(Гольдж-Маццони денешіктері), соңғы колбалар (Краузе колбасы), жүйке-ет
ұршықтары жатады. Осылардың ішінде құрылысы жете зерттелгені 


пластинкалық денешіктер. Пластинкалық денешікте сезімтал нейроциттер
дендриттерінің соңғы жүйке тармақтары сыртынан сезгіш глиялық 
жасушалармен қапталып, денешіктің ішкі баданасын түзеді. Ішкі бадана
сыртынан қосымша қабаттасқан дəнекер ұлпалық пластинкалардан құралған 
қапшықпен қапталған. Дəнекер ұлпалық пластинкаларды фибробласттар мен
коллаген талшықтарының шоғырлары құрайды. Ішкі бадана мен сыртқы 


қапшық аралығында орналасқан жүйкелік глиоциттер, дендриттердің
біліктік цилиндрлері соңғы тармақтарымен синапс арқылы байланыс түзеді. 
Пластинкалық денешіктер ұлпалардағы қысымды қабылдайды. Олар ішкі
мүшелер қабырғаларында, тірек-қимыл аппараты мүшелерінің дəнекер 
ұлпалық аралықтарында, лимфа түйіндерінде эндокринді бездерде кездеседі.
Пластинкалық денешіктердің мөлшері жануарлардың түрлеріне жасына, 
орналасқан мүшелеріне байланысты 0,1 мм -ден 6 мм -ге дейін өзгеріп
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет