К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет156/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   607
77 — сурет. Қозғалтқыш жүйке ұшы
А - бүйірінен қарағандағы көрінісі (а — жəне в — миелинді жүйке талшығының
ұштары, с — миелинді жүйке талшығы, d — бұлшық ет талшығы, е — бұлшық ет 
талшығьшың ядросы); Б — жоғарғы жағынан қарағандағы көрінісі (а — миелинді жүйке
талшығы, в — миелинсіз жүйке талшығы, с — қозғалтқыш түймешеден шығып, басқа 
түймешеге бағытталған жүйке талшығы)


Нейроциттер аралық байланыстардың соңғы аппараттары немесе 


нейроциттер аралық синапс. Жүйке толқындары (импульстері) бір
нейроциттен екінші нейроцитке, болмаса орындаушы мүшелерге түйісіп 
жанасу синапс (лат. sinapsis — байланыс) арқылы бір бағытта беріледі.
Нейроциттер бөліктерінің бір-бірімен өзара немесе орындаушы мүшелермен 
жанасып байланысуының сипатына қарай, синапстың бірнеше түрлері
ажыратылады: 1. аксо-дендриттік синапс — бір нейроциттің аксоны екінші 
нейроциттің дендритімен жанасып байланысады, 2. аксо-сомалық синапс —
бір нейроциттің аксоны екінші нейроципің денесімен (перикарионымен) 
байланысады, 3. аксо-аксондық синапс — екі нейроцит аксондары өзара
жанасып байланысады, 4. дендро-сомалық синапс — бір нейроцит дендриті 
екінші нейроцит денесімен байланысады, 5. дендро-дендриттік синапс
екі нейроциттер дендриттері өзара байланысады. Бір нейроцит өсінділерінің 
өзі көптеген синапстар түзеді. Мысалы, мишықтың бір алмұртша нейроциті
аксонының соңғы ұштары басқа нейроциттер бөліктерімен 200 мындай 
байланыстар түзетіндігі ғылыми тəжірибелер арқылы анықталған.
Синапстың құрылысы. Синапс екі полюстен немесе екі синапс
төмпешігінен тұрады. Синапсалды полюсті бірінші нейроцит тарма-ғының 
соңғы ұшы құрайды. Оның нейроплазмасында митохондриялар мен
медиаторлар көпіршіктері болады. Екінші синапссоңы полюсті екінші 
нейроцит немесе бұлшық ет талшығы түзеді. Оның цитоплазмасында
митохондриялар 
мен
көпіршіктер 

көрінбейді.


Бірінші

нейроциттер


плазмолеммалары синапсалды, ал онымен байланыса жалғасатын екінші 
нейроциттер немесе орындаушы мүшелердің плазмолеммалары синапссоңы
жарғақтарын жасайды. Синапс төмпешіктерінің синапсалды жəне синапсоңы 

151
жарғақтары аралығында ені 20 нм -дей синапс саңылауы қалады. Жүйке 


толқьшыньщ əсерінен бірінші нейроциттегі медиаторлар синапсалды


төмпешігінің жарғағы арқылы синапс саңылауына шығарылып, олардың 
əсерінен екінші нейроцитгің синапссоңы төмпешігінде жүйке толқышы
пайда болады. Осының нəтижесінде медиаторлар жарғақ арқылы екінші 
нейроциттің синапссоңы төмпешігінің цитоплазмасына өтіп, қозуды одан əрі
таратады. Синапс жүйке толқындарын тек бір бағытта ғана өткізіп, қозу жəне 
тежелу процестерін реттеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет