К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Нейроциттераралық байланыстар (синапстар) түрлері А -



бет157/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   607
78 - сурет. Нейроциттераралық байланыстар (синапстар) түрлері А - 

синапстардың цитотопографиясы (жасушааралық орналасуы), Б — синапстың 

тежелу түрі, В ~ синапстың қозу түрі, Г — электронды микроскоптық көрініс турі 
1 — аксо-сомалық синапс, 2 — аксо-дендриттік синапс, 3 — аксо-аксондық синапс, 4 
- дендрілтер, 5 — дендрит өсіндішесі, 6 — аксон, 7 — синапстық көпіршіктер, 8 —
синапсалды жарғақ, 9 — синапссоңы жарғағы, 10 — синапс саңылауы, 11 ~ синапссоңы 
қүрылымдары.

Рефлекторлық доға 

Рефлекторлық доға жануарлар организміндегі жүйке жүйесінің негізгі
қызметтері — рефлекстерді іс жүзіне асырады. Сыртқы орта жəне дененің 
ішкі ортасы тітіркендіргіштерінің əсерлеріне организмнің жауап беру
реакциясын рефлекс (лат. reflexus — шағылу, шағылту) — дейді. 
Рефлекстерді іс жүзіне асыратын рефлекторлық доғаларды сезімтал,
байланыстырғыш (бір немесе бірнеше) жəне қозғалтқыш нейроциттер тізбегі 
құрайды. Сезім мүшелеріндегі рецепторларда пайда болған жүйке толқыны
рефлекторлық доға арқылы тек бір бағытта ғана өтеді. Жүйке толқыны сезім 
мүшелеріндегі сезімтал нейроциттер рецепторларынан, оның орталыққа
тепкіш дендриттерімен жұлын ганглийлеріндегі денелеріне, одан əрі сезімтал 
нейроциттердің аксондарымен синапс арқылы жұлынның сұр затындағы
байланыстырғып (ассоциативті) нейроциттердің дендриттеріне өтеді. Одан 
соң, жүйке толқыны ассоциативті нейроциттердің денелерінен олардың
аксондары арқылы қозғалтқыш нейроциттер дендриттеріне, денелеріне, одан 
əрі олардың аксонарымен синапс арқылы орындаушы мүшелерге (етті
қабықтар мен қабаттар, бұлшық еттер, бездер) өтіп, соңғы мүшелерде 
аяқталады.
Байланыстырғыш 
нейроциттердің
дендриттері, 
денелері,
аксондары, қозғалтқыш нейроциттердің дендриттері мен денелері орталық 
жүйке жүйесі мүшелерінде орналасады. Ал қозғалтқыщ нейроциттердің
аксондары орталық жүйке жүйесі мүшелерінен (ми, жұлын) шығып, 
орындаушы мүшелерге бағытталады да, бұлшық ет талшықтары, бірыңғай
салалы ет миоциттері, без гландулоциттері плазмолеммаларымен синапс 
түзіп, қозғалтқыш жүйке ұшымен аякталады.

152




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет