К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


VII тарау бойынша бақылау сұрақтары



бет164/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

VII тарау бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Жануарлар организмдері құрылысы мен дамуының негізгі заңдылықтарын 


қайталап, олардың маңызын түсіндіріңіз.
2. Омыртқалы жануарлар дене құрылысының заңдылықтарын еске түсіріп, оларға 
байланысты денедегі жазыктықтар мен бағыттарды атаңыз.
3. Жануарлар денесінің біліктік бөлімі қандай бөлімдер мен аумақтардан тұрады? 
4. Алдыңғы аяқ қандай бөлімдер мен аумақтардан тұрады?
5. Артқы аяқ қандай бөлімдер мен аумақтардан тұрады? 
6. Тарау мəтініндегі барлық қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп жазып
алып, оларды жаттаңыз. 


VIII тарау. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ 

Тірек-кимыл аппараты жануарлар организмдерінің кеңістіктегі
қозғалыстарын (жүру, жүгіру, үшу, өрмелеу, секіру, жүзу), тыныштық 
жагдайындағы дене мүшелерінің салыстырмалы қимылын іс жүзіне асырады.
Қ9рылысы тым күрделі тірек-қимыл аппараты бір-бірімен тығыз байланыста 

158
қызмет атқаратын сүйектер жүйесі (қаңқа сүйектері, байламдар) мен бұлшық 


еттер жүйесінен құралған. Тірек-кимыл аппараты жануарлардың сыртқы дене


(грек, soma) бітімі мен пішінін қалыптастырады. 


ҚАҢҚА 

Қаңқа (сүйектер жүйесі, скелет) — бір-бірімен өзара белгілі бір
зандылықпен байланысқан қатты мүшелер — сүйектер мен шеміршектердің 
жүйесі. Қаңқаны анатомияның остеология (грек, os — сүйек, logos — ілім)
бөлімі зерттейді. Скелет — гректің skeleton (кебу, сему) деген сөзінен 
шыкқан.
Қаңқа жануарлардың сыртқы дене бітімін анықтаумен қатар, қаңқа 
сүйектері бір-бірімен қозғалмалы байланысып, бұлшық еттер үшін тіректік
жəне рычагтық қызметтер атқарады. Сондай-ақ, сүйектер бір-бірімен тұтаса 
байланыса отырып, организмнің тіршілігі үшін қажетті мушелерді (ми,
жұлын, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, жыныс бездері, жатыр, куық т.б.) 
қоршаған ортаның қатерлі əсерлерінен қорғайтын берік қабырғалар жасау
арқылы

қорғаныс


қызметін 
де
іс

жүзіне
асырады. 


Жануарлар
организмдеріндегі 
минералды
түздардың 
дені
қаңқа

сүйектерінде


жинақталған. Сүйектер кемігі ұлшыктары мен жіліктер қуысында қоректік 
заттар көзі ретінде майдың (липид) қоры сақталады. Сондыктан, қаңқа
сүйектері организмдегі минералды жəне май алмасуларына қатысады. 
Сүйектердің қызыл кемігі майында қан түзілу процесі (эритроциттер,
лейкоциттер, қан табақшалары түзіледі) — гемопоэз жүреді. 
Қаңқаның денедегі үлес салмағы жануарлардың түрлеріне, жасына,
жынысына, тұқымына, физиологиялық жағдайларына (буаздық, сауылу т.б.) 
байланысты 6% -дан 13% -ға дейін өзгеріп отырады. Мысалы, сиырдың етті
тұқымында қаңқа сүйектерінің үлес салмағы сүтті тұқымына қарағанда аздау 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет