К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


СҮЙЕКТІҢ КУРЫЛЫСЫ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ



бет165/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

СҮЙЕКТІҢ КУРЫЛЫСЫ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ

ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
Сүйектер жүйесін (қаңқаны) қүрайтын мүшелер — сүйектер. Сүйек 
мүше ретінде сыртынан дəнекер үлпалы сүйекқаппен қапталған. Сүйекқап
арқылы сүйекке қан тамырлары мен жүйкелер еніп, оның қоректенуі мен 
сезімталдығын қамтамасыз етеді.

Сүйекқап (periosteum) екі қабаттан түрады. Сүйекқапқа беріктік қасиет
беретін, оның сыртқы талшықгы қабаты (stratum fibrosum) талшықты дəнекер 
ұлпасынан құралған. Ал сүйекпен тікелей жанасатын ішкі түзгіш
(камбиальды) қабатында (stratum cambiale) қоректендіруші қан тамырлары аз 
болады. Бірақ, бұл қабатта сүйек ұлпасын түзетін жас жасушалар —
остеобласттар (osteoblastus) көптеп орналасады. Остеобласттар жас төлдер
сүйектерінің қалындап өсуін, ал сақа жануарлардың сынған, болмаса 
жарылған сүйектерінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Сүйектер де, басқа


159
мушелер сияқты бірнеше ұлпалардан (дəнекер, шеміршек, жүйке ұлпалары) 


құралғанымен, олардың негізін сүйек ұлпасы құрайды.


Сүйекке берікгік қасиет беретін, оның тіректік кызметін іс жүзіне 
асыратын сүйек бөлігі — тығыз сүйек заты (substantia ossea compacta).
Тығыз сүйек затын бір бағытта тығыз орналасқан суйек такташалары 
(пластинкалары) құрайды. Тығыз сүйек затынан сүйектердің сыртқы қатты
қабаттары мен жіліктердің денелері (диафиздері) құралған. Жіліктердің 
бастары (эпифиздері) мен омыртқалардың, қабырғалардың жəне басқа
сүйектердің сырткы тығыз суйек затының астында орналасып, ішкі негізін 
құрайтын сүйектің бөлігін кемік сүйек заты (substantia ossea spongiosa) —
деп атайды. Кемік сүйек затының суйек такташалары сүйектерге сырттан 
түсетін күштерге сəйкес əр түрлі бағытта орналасады. Сүйек тақташалардың
аралықтарындағы тым ұсақ куысты ұлшыктарда организмдегі кантүзілу 
процесін іс жүзіне асыратын сүйектің кызыл кемігі майы (medulla ossium
rubra), ал жіліктердің қуыстарында жілік майы (medulla ossium flava) 
орналасады. Сүйектердің буындық беттері гиалинді шеміршекпен (cartilago
articularis) қапталады.
Сүйектің құрамында органикалық жəне бейорганикалық заттар болады.
Жаңадан сойылған жануар денесінен алынған сүйектің химиялық құрамының 
28,2% -ын органикалық зат құрайды. Оның ішінде белоктық коллаген
(оссеин) талшықтарының үлесі 12,7%, ал май 15,5%. Коллаген талшықтары 
сүйекке
серпімділік 
жəне
иілгіштік 

қасиеттер


береді.

Сүйектің


бейорганикалық бөлігінің 50%-ы су, ал қалған 21,8% -ын минералды түздар 
құрайды. Бұлардың 85% -ы кальций фосфатының, 10,5% -ы кальций
карбонатының, 1,5%-ы магний фосфатының тұздары үлестеріне, ал қалған 
3% -ы ас тұзының үлесіне тиеді. Организмдегі барлық минералды тұздардың
98% -ы сүйекте жинақталған. Олардың дені кальций (99%) жəне фосфор 
(87%) тұздарының үлесінде. Минералды тұздар сүйекке қаттылық қасиет
береді. Сүйектің беріктік қасиеті органикалық заттың серпімділік жəне 
иілгіштік қасиеттері мен минералды тұздардың қаттылық қасиеттерінен
құралады. Егер суйектің құрамында қалыпты жағдайдан органикалық заттың 
үлесі көбейіп, минералды тұздар азайса, онда сүйек иілгіш (мешел, көтерем
ауруларында байқалады) болып келеді. Ал, керісінше, оның құрамында 
минералды тұздардың үлесі көбейсе, онда сүйек омырылғыш жəне сынғыш
келеді. Қаңқа сүйектерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері 
жануарлардың түрлеріне, тұқымына, жасына, жынысына, физиологиялық
кезендеріне тікелей байланысты. Мысалы, жас төлдің қаңқа сүйектерінің 
құрамында органикалық заттар мен су көп мөлшерде болады. Ал сака
жануарлар сүйектерінде, керісінше, бейорганикалық заттардың мөлшері 
көбейіп, су азаяды. Бұлардың сүйектері морт сынғыш, омырылғыш келеді.
Жас төлдердің кутімі нашар, азықтануы сапасыз да құнарсыз болса, 
онда қаңқа сүйектерінің өсіп сүйектенуіне қажет Д витамині жетіспей,
кальций тұздарының сүйекке сіңірілу мөлшері азаяды. Осының нəтижесінде 
төлдерде мешел (рахит) ауыруы дамиды. Ал сака малдарда аталған


160
себептердің салдарынан минеральдық зат алмасу бұзылып, жануарлар 


организмінде осыған байланысты əр түрлі аурулар, мысалы, остеомаляция,


остеодистрофия сияқты дерттер өрбиді.
Жалпы жануарлар қаңқасының сүйектеріне қаттылық, беріктік,
серпімділік қасиеттері тəн. Осы аталған қасиеттерімен қатар, сүйектер "Орын 
мен материальды үнемдеу" заңынаа сəйкес жеңіл болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет