155
Аталған жазықтықтарға байланысты жануарлар денелерінде бір-біріне
қарама-қарсы орналасқдн екі бағытты анықтауға болады. Олар: аталған
жазықтықтардан дененің арқасына қарай дорсальды, олардан дененің төменгі
бетіндегі құрсағына (лат. ventrum — құрсақ) қарай
вентральды багыттар.
Дененің бас аумағында қолданылатын атаулар:
Бастың алдыңғы жағына: ауызға немесе
мұрынға қарай бағытталған
бағытты
оральды (лат. or — ауыз) немесе
назальды (лат. nasus — мұрын),
болмаса
ростральды (лат. rostrum — танау — шошқада)
бағыт, ал бұған
қарама-қарсы бастың артқы жағына қараған бағытты
аборальды (лат. ab —
кері, or — ауыз)
бағыт — деп атайды.
Жануарлардың аяқтары аумақтарында қолданылатын атаулар:
Аяқтар бөлімдерінің дене тұлғасына
жақын орналасқан жоғарғы
бөліктері, мысалы, жіліктердің бастары
проксимальды (лат. proximus —
жақын)
бөліктер, ал тұлғадан алыс жатқан аяқ бөлімдерінің төменгі
бөліктерін
дистальды (лат. distalus — алыс)
бөліктер — деп аталады.
Аяқтардың
алдыңғы беті дорсальды, сыртқы беті
латеральды, ішкі беті
Достарыңызбен бөлісу: