157
Аяқтар (membra) алдыңғы жəне артқы аяқтар болып болінеді. Аяқтар екі
бөлімнен: белдеуден жəне еркін қозғалатын бөлімнен құралады. Алдыңғы
жəне артқы аяқтар иық жəне жамбас белдеулері арқылы тұлғамен
байланысады.
81 - сурет. Сиыр денесінің аумақтары
1 — бас, 2 — иық-бас, 3 — төс-бас, З
1
— көмекей жəне кеңірдек, 4 — шоқтық, 5 —
арқа, 6 — көкірек, 7 — төсалды, 8 — төс, 9 — семсерше шеміршек, 10 — қабырғаасты, 11
— бел, 12 — бүйірлік, 13 — кіндік, 14 — аш бүйір, 15 — шап, 16 — шат, 17 — кұйрық, 18
— жауырын, 19 — иық, 20 — иық буыны, 21 —шынтақ буыны, 22 — білек, 23 — тізе, 24
— алдыңғы жіліншік, 25 — алдыңғы бақай, 26 — құйымшақ, 27 — сербек, 28 — бөксе, 29
~ шонданай төмпегі, 30 — жамбас-ортан жілік буыны, 31 — сан, 32 — сирақ, 33 —
тілерсек, толарсақ, 34 — артқы жіліншік, 35 — артқы бақай, 36 — тобық буыны, 37 —
тобық қатпары аумақтары.
Алдыңғы аяқ йық белдеуден (cingulum membri thoracici) жəне еркін
қозғалатын бөлімнен (skeleton membri thoracici liberi) құралған. Еркін
қозғалатын бөлімді иық немесе тоқпан жілік (brachium, s. humerus), білек
(antebrachium) жəне алдыңғы аяқ басы (manus) аумақтары құрайды. Алдыңғы
аяқ басы өз кезегінде тізе (rg. carpi), алдыңғы жіліншік (rg. metacarpi) жəне
бақай (rg. digiti) аумақтарынан тұрады.
Артқы аяқ жамбас белдеуден (cingulum membri pelvini) жəне еркін
қозғалатын бөлімнен (skeleton membri pelvini liberi) тұрады. Еркін қозғалатын
бөлімді сан (femur), сирақ (cms) жəне артқы аяқбасы (pes) аумақтары
құрайды. Артқы аяқ басы тілерсек немесе толарсақ (rg. tarsi), артқы жіліншік
(rg.metatari) жəне бақай (rg. digiti) аумақтарына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: