К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


қыры (crista nasalis) болады. Сиырда



бет196/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

қыры (crista nasalis) болады.

Сиырда жоғарғы жақ сүйектің тандай өсінділерінде таңдай қойнауы
(sinus palatinus) болады. Ол сынаша сүйек қойнауымен жалғасып жатады. 
Басқа жануарларда аталған қойнау болмайды.
Жоғарғы жақ сүйектің бет жағында (facies facialis) сиыр мен ұсақ 


малдарда бет төмпегі (tuber facialis), жылқы мен шошқада бет қыры (crista
facialis) болады. Оның жоғарғы жағында көздікасты өзектің тесігі көрінеді. 
Көздікасты өзектен күрек жəне азу тістерге қан тамырлары мен жүйкелерді
өткізетін альвеолалық езектер (canales alveolares) таралады. 
Жоғарғы жақ сүйектің мұрын куысына қараған бетін мұрын беті (facies
nasalis) дейді. Аталған бетте вентральды мұрын кеуілжірі бекитін кеуілжір 


қыры (crista conchalis) болады. Жоғарғы жақ сүйектің сыртқы беті жəне ішкі
мұрын тақташаларының арасындағы куысты жоғарғы жақ сүйек қойнауы 
(sinus maxillaris) немесе Гаймор қойнауы — деп атайды.
Дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлері (дорсальные и вент-
ральные носовые раковины) — conchae nasalis dorsalis et ventralis — мұрын 
куысының оң жəне сол бүйір қабырғаларында орналасқан, оралымдар түзетін
тым жұқа сүйек тақташалардан тұратын жұп сүйек. Дорсальды кеуілжір 
мұрын сүйек қыры мен торлы сүйекке, ал вентралды кеуілжір жоғарғы жақ
сүйек қырына бекиді. Бұл сүйектердің əр түрлі жануарларда түрліше пішінде 
оралымдар түзуі жануарлар тіршілігіне сəйкес мұрын қуысы кілегейлі
қабығының ауамен жанасу ауданын əр түрлі деңгейде ұлғайтады. 


Соқаша сүйек (сошник) — vomer — пішіні соқаға ұқсас, ұзынша келген
тақ сүйек. Ол өзінің қанатымен (ala vomeris) каудальды бағытта сынаша 
сүйектің денесімен, ал краниальды ұшымен мұрын қуысы түбіндегі қырға


184
жалғасады. Соқаша сүйектің дорсальды сайында мұрын куысын екіге бөлетін 


шеміршекті перде орналасады. Соқаша сүйек мұрын қуысының шығаберіс


тесігі — хоана тесігін тең екі тесікке бөледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет