К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


жылқы. А — латеральды, Б — пальмарлы (артқы), В, Г жəне Д — дорсальды



бет206/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

жылқы. А — латеральды, Б — пальмарлы (артқы), В, Г жəне Д — дорсальды 

(алдыңғы) беттері 
1 — жілік басы, 2 — тамырлық тесік, 3 — жілік қыры, З
1
— иілім сайы, 4 — 

дельташа бұдыр, 5 — шынтақ сызығы, 6 — үлкен төмпешік қыры, 7 — үлкен темпешік, 8


— қырарты бұлшық еті аяқталатын бұдыр, 9 — кіші төмпешік, 10 — төмпешік аралық 
сай, 11 — дистальды жілік шығыры, 12 — мойын, 13 — үлкен жұмыр бұлшық ет бұдыры,
14 — латеральды айдаршықүсті қыры, 15 — медиальды айдаршықүсті, 16 — шынтақ 
шұңқыры, 17 — аралық төмпешік, а — синовиальды шұңқыр, в — байлам төмпешіктері
мен шұңқырлары, с — шығырүсті тесік. 


Итте тоқпан жілік жіңішкелеу келіп жəне сəл иіліп тұрады. Дистальды
шығырдың жоғарғы жағында шығырүсті тесігі (foramen supratrochleare) 
болады.
Білек сүйектерін (кости предплечья) — ossa antebrachii — əр түрлі
деңгейде дамыған кəрі жілік пен шынтақ сүйектері құрайды. Аталған 
сүйектер алдыңғы аяқ еркін қозғалатын бөлімнің ортаңғы бөлігі

зейгоподийді (zeugopodium) құрайды.

Кəрі жілік (лучевая кость) — radius — диафизден, проксимальды жəне
дистальды эпифиздерден тұрады. Проксимальды эпифизді кəрі жілік басы 
(caput radii) құрайды. Жілік басының жоғарғы жағында гиалин шеміршегімен
қапталған кəрі жілік басының шұңқыры (fovea capitis radii) орналасады. 
Кəрі жілік басы тоқпан жілік шығырымен байланысып, құрылысы
қарапайым, көп білікті иық буынын жасайды. Кəрі жілік басынан сəл 
төменірек жіңішкелеу келген жіліктің бөлігін жілік мойны (collum radii) —
деп атайды. Проксимальды эпифиздің алдыңғы бетінде кəрі жілік бұдыры 
(tuberositas radii) байқалады. Жіліктің диафизі дорсальды бағытта сəл иіліп
тұрады. Жіліктің дистальды эпифизін тізе буынын жасауға қатысатын кəрі 
жілік шығыры (trochlea radii) түзеді. Оның буын беті гиалин шеміршегімен
қапталып, екі бүйірі үшкір латеральды жəне медиальды бізше 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет