К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет205/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

шынтақ сызығы (linea апсопаеа) иіліп жатады. Тоқпан жіліктің дистальды
эпифизінің буын беті де, гиалин шеміршегімен қапталып, тоқпан жілік 


шығыры (trochlea humeri) — деп аталады. Жілік білігіне қиғаштау
орналасқан тоқпан жілік шығыры көлденең сай арқылы бір-бірінен бөлінген 
екі айдаршықтан құралған. Олардың көлемі жағынан үлкені — медиальды 
айдаршық (condylus medialis), ал кішісі — латеральды айдаршық
(condylus lateralis). Тоқпан жіліктің дистальды эпифизі айдаршықтарының 
артқы жағында, латеральды жəне медиальды айдаршықтардан жоғарғы
көтеріліп тұрған жілік басы бөліктері латеральды (жазғыш) айдар-шықүсті 
(epicondylus lateralis) жəне медиальды (бүккіш) айдар-шықүсті (epicondylus
medialis) — деп аталады. Олардың аралығында шынтақ шұңқыры (fossa 
olecrani) орналасады. Дистальды эпифиздің екі бүйірінде білек сүйектерімен
байланыстыратын 
байламдарға
арналған 
байлам
төмпешіктері 
мен
шұңқырлары болады. 

190



Ерекшеліктері: Жылқыда латеральды жəне медиальды төмпешіктер 
аралығында аралық төмпешік (tuberculum intermedium) болады. Осының
нəтижесінде төмпешікаралық сай екеу болып келеді. Тоқпан жілік 
шығырының алдыңғы орта тұсында синовиальды шұңқыр (fossa synovialis)
болады.

Сиыр мен ұсақ малдарда латеральды төмпешік биік жене сəл ішке
қарай иіліп тұрады. 


Шошқада латеральды төмпешік биік болып келеді. Ол екіге бөлініп,
медиальды төмпешікке қарай иіліп, төмпекаралық сайды үстінен жауып 
тұрады. Дельташа жəне үлкен жұмыр ет бұдырлары нашар жетілген.

98 - сурет. Сол аяқтың тоқпан жілігі А, Б — ит, В — шошқа, Г — сиыр, Д — 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет