К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет204/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

жауырынасты шұңқыры (fossa subscapularis) орналасады. Буын үсті
төмпегінің медиальды жағында құс тұмсықша өсінді (processus coracoideus) 
шығып тұрады.


189



Ерекшеліктері: Жылқы мен шошқада акромион өсіндісі болмайды
бірақ жауырын қырының төмпегі болады. Күйісті жануарлар мен итте 
акромион жақсы жетілген. 


97 - сурет. Жауырын А — сиыр, Б — жылқы (латеральды беті) жəне В — 

медиальды беті, Г — шошқа.
1 — жауырын шеміршегі, 2 — краниальды бұрыш, 3 - қыралды шұңқыры, 4 — 
жауырын қыры, 5 — жауырын мойны, 6 — акромион, 7 — буын үсті төмпегі, 8 —
каудальды бұрыш, 9 — қырарты шұңқыр, 10 — буын ойысы, 11 — қыр төмпегі, 12 — 
тісше сызық, 13 - жауырын асты

Алдыңғы аяқ қаңқасының еркін қозғалатын бөлімі (skeleton membri
thoracici liberi) — жоғарғы проксимальды бөлігінің қаңқасы — тоқпан жілік. 


Тоқпан жілік (плечевая кость) — humerus, s. os brachii — іші куыс ұзын
жілік. Тоқпан жілік алдыңғы аяқ еркін қозғалатын бөлімнің жоғарғы 
проксимальды бөлігі стилоподийді (stylopodium) кұрайды. Тоқпан жіліктің
ұзын денесін, оның денесі (диафизі), ал жіліктің жоғарғы жəне төменгі 
жуандау келген бастарын проксимальды эпифиз жəне дистальды эпифиз
деп атайды. Тоқпан жіліктің буын беті гиалин шеміршегімен қапталған, 
пішіні дөңгелек шарға ұқсаған проксимальды эпифизінің басын тоқпан 

жілік басы (caput humeri), ал жілік басының төменгі жағындағы жіңішкелеу
келген жілік бөлігін тоқпан жілік мойны (collum humeri) — деп атайды. 
Проксимальды эпифизі жілік басының сыртқы латеральды жағында үлкен 

төмпешік (tuberculum majus), ал ішкі медиальды жағында кіші төмпешік
(tuberculum minus), олардың аралығында төмпешікаралық сай (sulcus 
intertubercularis) болады. Үлкен төмпешіктен жіліктің латеральды бетіндегі
диафизіне қарай бағытталған үлкен төмпешік қыры (crista tuberculi majus) 
мен дельташа (атырауша) бұдыр (tuberositas deltoidea), ал диафиздің
медиальды бетінде үлкен жұмыр бұлшық ет бұдыры (tuberositas m. teres 
major) көрінеді. Дельташа бұдырдан үлкен төмпешіктің артқы жағына қарай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет