К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет202/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жануар аяқтарының қаңқасы белдеу қаңқасы жəне еркін қозғалатын
бөлімнің қаңқасы болып екі бөлімге бөлінеді. Белдеу бөлімінің қаңқа 
сүйектері арқылы аяктар жануарлар денесінің тұлғасымен байланысады.
Аяқтардың белдеу бөліміне алдыңғы аяқтың иық белдеуі жəне артқы аяқтың 


жамбас белдеуі жатады. Алдыңғы аяқ иық белдеуінің сүйектік негізін
жауырын, артқы аяқ жамбас белдеуінің сүйектік негізін жамбассүйек 
құрайды. Ал аяқтардың еркін қозғалатын бөлімдері белдеулерден төмен
орналасып, дененің кеңістіктегі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Аяқтардың
еркін қозғалатын бөлімі өз кезегінде жоғарғы 

проксимальды бөлік (стилоподий), ортаңғы бөлік (зейгоподий) жəне

төменгі дистальды бөлік (автоподий) болып үш бөлікке бөлінеді.
Аяқтардың еркін қозғалатын бөлімінің жоғарғы проксимальды (лат. 
proximalis - денеге жақын) бөлігі стилоподий (stylopodium, грек, stylos ~
бағанаша; pous, podos — аяк) — деп аталады. Стилоподийдің негізін тек бір 
сүйек (жілік) құрайды. Алдыңғы аяқта ол тоқпан жіліктен, ал артқы аяқта
ортан жіліктен тұрады. Еркін қозғалатын бөлімнің ортаңғы бөлігі 


зейгоподий (zeugopodium, грек, zeugos -екеу, жұп жəне аяқ) екі сүйектен
құралған. Оны алдыңғы аяқта білек сүйектері (кəрі жілік жəне шынтақ 
сүйек), ал артқы аяқта сирақ сүйектері (асықты жілік жəне шыбықсүйек)
құрайды. Еркін қозғалатын төменгі дистальды (лат. distalis — денеден алшақ, 
қашық) бөлігі автоподийді (autopodium, грек, autos — өздігінен, өзі жүреді
жəне аяк) алдыңғы жəне артқы аяқ бастарының сүйектері құрайды. 
Аяқбастарының сүйектері өз кезегінде: базиподий (basipodium, грек, basis -
негіз жəне аяқ), метаподий (metapodium, грек, meta — аралық жəне аяқ) жəне 

188



акроподий (acropodium, грек, acros - соңғы, ақырғы жəне аяқ) болып үш 
бөлікке бөлінеді. Базиподийге: алдыңғы аяқта тізе сүйектері, артқы аяқта
тілерсек сүйектері, метаподийге: алдыңғы аяқта алдыңғы жіліншік сүйектері, 
артқы аяқта артқы жіліншік сүйектері, акроподийге: алдыңғы жəне артқы
аяқтардағы бақай сүйектері жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет