202
тұрады. Олар: сыртқы — талшықты (фиброзды) жəне ішкі — синовиялы
жарғақтар. Фиброзды жарғақ (membrana fibrosa) буынды кұрайтын сүйектер
бастарының сүйекқаптарының сыртқы фиброзды қабаттарының буындағы
жалғасуынан түзіледі. Ол қорғаныс қызметін атқарады.
Синовиялы
жарғақты (membrana synovialis) ішкі беті буынның қоймалжың сұйығын
(синовияны) бөлетін, бір не бірнеше
қабат жалпақ жасушалармен
астарланған борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. Синовиялы жарғақ қан мен
лимфа тамырларына бай. Буынның құрылысына байланысты буында бір
немесе бірнеше
буын қуысы (cavum articularis) болады. Буын қуысына
қараған сүйектердің
буын беттері гиалинді буын шеміршегімен (cartilago
articularis) қапталған.
Синовия (synovia) сүйектердің шеміршекті буын
беттерін майлап, оларды қоректендіріп тұрады. Синовия құрамының 98% -ы
су, 2% -ы белок.
Буынның көмекші мүшелеріне буынның ішіндегі
шеміршек дискілер, шеміршек тегіршіктер (менискілер), буын ішіндегі жəне
сыртындағы
сіңірлі байламдар, буынның сыртындағы тиекше сүйектер
жатады. Буын қуысындағы шеміршек діскілер мен тегіршіктер, буынды
құрайтын негізгі сүйектер бастарының бір-біріне сəйкес келмейтін буын
беттерін сəйкестендіріп үйлестіруге көмегін тигізеді.
Буын ішіндегі
байламдар сүйек бастарының берік байланысуын қамтамасыз етеді. Сыртқы
байламдар
сүйектер
бастарын
байланыстырумен
қатар,
буындағы
қозғалыстардың белгілі бір бағыттарда іс жүзіне асуына ат салысады. Буын
байламдары буын қапшығы фиброзды жарғағының қалындап жуандауынан
дамып жетіледі. Тиекше сүйектер буын маңындағы сүйектер мен бұлшық
еттер сіңірлері аралықтарында орналасып, оларға тіректік қасиет береді жəне
бұлшық еттердің жиырылу қызметтерінің іске асуына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: