К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет246/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

2.Бастың ұзын бұлшық еті (m. longus capitis) ортаңғы мойын
омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, шүйде сүйектің бұлшық ет 
төмпешігінде аяқталады.

З.Белдің үлкен бұлшық еті (m. psoas major) соңғы көкірек
омыртқалардың денелерінен басталып, ортан жіліктің кіші ұршығында 
аяқталады.

4.Белдің кіші бұлшық еті (m. psoas minor) соңғы көкірек
омыртқалардың денелерінен басталып, мықын сүйек денесіндегі кіші бел 
бұлшық еті төмпешігінде аяқталады.

5.Белдің шаршы бұлшық еті (m. quadratus lumborum) бел
омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, құйымшақ қанатының 
вентральды бетінде аяқталады.
Бұлардан басқа омыртқа бағанының вентральды бетінде бастың 


вентральды жəне латеральды тік қысқа бұлшық еттері, құйрықты 

түсіргіш ұзын жəне қысқа бұлшық еттер болады.
118 - сурет. Тұлғаның терең бұлшық еттері 
1 - бұласыр бұлшық еті, 2 - мықын-қабырға бұлшық еті, 3 — мойынның тым ұзын
бұлшық еті, 5 — арқаның тым ұзын бұлшық еті, 7 — баспалдақты бұлшық ет, 8 - 
көкіректің тік бұлшық еті, 9 - тісше вентральды бұлшық еттің көкірек бөлігі, 11 - сыртқы
қабырғааралық бұлшық еттер, 12 — құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық еті, 13 - бастың 

221
жартылай жоталық бұлшық еті, 14 — арқа мен мойынның жоталық бұлшық еті, 15 — 


мойын мен бастың ұзын бұлшық еттері, 16 - бастың тым ұзын бұлшық еті, 16 а -


атланттың тым ұзын бұлшық еті, 17 — кұрсақтың тік бұлшық еті, 18 — бел-қабырға 
бұлшық еті, 19 — құрсактың көлденең бұлшық еті, 20 — терең бөксе бұлшық еті, 21 —
қырлы бұлшық ет, 22 - тігінші бұлшық еті. 
КӨКІРЕК КЕРЕГЕСІНІҢ БҮЛШЫҚ ЕТТЕРІ 

Көкірек керегесінің бұлшық еттері көкірек керегесіңде орналасып,
қабырғалар мен төссүйекті сыртқа қарай тартып бір-бірінен ажыратып, 
көкірек қуысын кеңейтеді де, ішке тыныс алуды жəне көкірек куысын қысып
тарылтып, сыртқа дем шығаруды қамтамасыз ететін бұлшық еттер. 
Сондықтан, көкірек керегесінің бұлшық еттерін тыныс алу бұлшық еттері —
деп атайды. Қызметіне байланысты оларды екі топқа бөледі. Ішке тыңыс алу 
процесін (inspiratio) іс жүзіне асыратын бұлшық еттерді инспираторлар, ал
сыртқа дем шығару процесін (expiratio) қамтамасыз ететін бұлшық еттерді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет