К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет255/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

2. Кіші жұмыр бұлшық ет (m. teres minor) жауырынның дистальды
бөлігінің артқы жиегінен басталып, тоқпан жіліктің дельта тəрізді 
бұдырының жоғарғы жағындағы шынтақ сызығаның алдыңғы жиегінде
аяқталады. 


Қызметі. Кіші жұмыр бұлшық ет негізінен иық буынын бүгеді. Дельта
тəрізді жəне кіші жұмыр бұлшық еттері жеке бір мезгідде жиырылып, иық 
буынының алдыңғы бетін сыртқа қарай бұрып, супинаторлар қызметін де
атқарады. 


З.Үлкен жұмыр бұлшық ет (m. teres major) жауырынның каудальды
жиегінің жоғарғы жағынан басталып, тоқпан жілік диафизінің медиальды 
бетіндегі дөңгелек бұдырда аяқталады.

Қызметк Үлкен жұмыр бұлшық ет дельта тəрізді жəне кіші жұмыр
бұлшық еттермен бірге жиырылып, иық буынын бүгеді. Ал ол жеке 
жиырылып, иық буынының алдыңғы бетін ішке қарай бұрып, пронатор
қызметін де атқарады. 

227



Аддуктор: 1. Жауырынасты бұлшық еті (m. subscapularis) 
жауырынасты шұңқырдан басталып, тоқпан жіліктің медиальды кіші
төмпешігінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда аталмыш бұлшық ет
үш бөліктен тұрады. 


Қызметі. Жауырынасты бұлшық ет жауырын жəне иық буыны
аумақтарын тұлғаға қарай тартып жақындатады. 


Абдуктор: 1. Қырарты бұлшық еті (m. infraspinatus) қырарты
шұңқырынан басталып, тоқпан жіліктің латеральды үлкен төмешігінде 
аяқталады.

Қызметі. Қырарты бұлшық еті жауырын мен иық буыны аумақтарын
сыртқа қарай тартып, тұлғадан алыстатады. 


Шынтақ буыны (articulatio cubiti) күрделі жəне бір білікті буын.
Шынтақ буынын тоқпан жіліктің дистальды, кəрі жілік пен шынтақ сүйектің 
проксимальды бастары құрайды. Буынның бұлшық еттері жауырын жəне
тоқпан жілік аумақтарында орналасып, шынтақ буынына əсер етеді. Бір 
білікті буын болғандықтан, шынтақ буынына бір-біріне қарама-қарсы: жазу
жəне бүгу қозғалыстарын қамтамасыз ететін екі бұлшық еттер тобы əсер 
етеді. Олар: экстензорлар жəне флексорлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет