К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет257/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда, сиырда жəне ұсақ малдарда иықтың
екібасты бұлшық еті құрсағының ішімен жіңішке де жұқа сіңірлі қабаттар 
өтеді.

Қызметі. Иықтың екібасты бұлшық еті шынтақ буынының бүккіш
бұлшық етінің, ал иық буынының жазғыш бұлшық етінің қызметтерін 
атқарады.

2.Тоқпан жілік бұлшық еті (m. brachialis) тоқпан жілік мойнының
латеральды жəне пальмарлы беттерінен басталып, иықтың екібасты бұлшық 
етінен сəл төменірек көрі жілік бұдырында аяқталады.

119 - сурет. Иық жəне шынтақ буындарынын бұлшық еттері А — латеральды, 

Б — медиальды жағы 
1 — қыралды бұлшық еті, 2 — иықтың екібасты бұлшық еті, 3 — тоқпан жілік 
бұлшық еті, 7 — жауырын шеміршегі, 8 — қырарты бұлшық еті, 9 — дельта тəрізді
бұлшық ет, иықтың үшбасты бұлшық еті (10 жəне 14 — ұзын басы; 11 —- латеральды 
басы; IS — медиальды басы), 13 - - үлкен жұмыр бұлшық ет, 18 — жауырынасты бұлшық
ет, 19 — құс тұмсықша-тоқпан жілік бұлшык еті. 
Ерекшеліктері. Итте аталмыш бұлшық еттің бір бөлігі иықтың
екібасты бұлшық етімен бірге, ал екінші бөлігі шынтақ сүйек бұдырында 
аяқталады.

Қызметі. Тоқпан жілік бұлшық еті шынтақ буынын бүгеді.

Тізе буыны (articulatio carpi) құрылысы күрделі жəне бір білікті буын.
Тізе буынын кəрі жілік пен шынтақ сүйектің дистальды бастары, тізе 
сүйектері жəне алдыңғы жіліншіктің проксимальды бастары құрайды.
Буынның бүлшық еттері алдыңғы аяқгың білек аумағында орналасып, тізе 
буынына əсер етеді. Бір білікті болғандықтан, тізе буынына əсер ететін
бұлшық еттер: бір-біріне қарама-қарсы қызметтер атқаратын жазғыш жəне 
бүккіш бұлшық еттер топтарына бөлінеді.
Экстензорлар: 1 .Тізені жазғыш кəрі жілік бұлшық еті (m. extensor
carpi radialis) білек сүйектерінің, оның ішінде кəрі жіліктің дорсальды бетінде 
жатқан
қомақты

ет.
Ол

тоқпан
жіліктің 
латеральды
(жазғыш) 
айдаршықүстінен басталып, алдыңғы жіліншіктер бұдырында аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет