Экстензорлар: І. Иықтың үшбасты бұлшық еті (m. triceps Ьгасһіі)
алдыңғы аяққаңқа сүйекгерінің үш жерінен басталады. Оның ұзын басы (caput longum) жауырынның каудальды жиегінің жоғарғы жағынан,
латеральды басы (caput laterale) тоқпан жіліктің шынтақ сызығынан,
медиальды басы (caput mediale) тоқпан жіліктің медиальды бетінен
басталып, үшеуі бірігеді де, шынтақ өсіндісінің төмпегінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Ит пен шошқада үшбасты бұлшық еттің қосымша басы
болады. Ол тоқпан жіліктің мойнынан басталып, үшбасты бұлшық еттің ұзын
басының сіңірімен бірігіп кетеді.
Қызметі. Үшбасты бұлшық ет шынтақ буынын жазады. Сонымен қатар,
оның ұзын басы иық буынын бүгуге де көмектеседі.
2.Білек шандырын кергіш бұлшық ет (m. tensor fasciae antebrachii)
иықтың үшбасты бұлшық етінің ұзын басының медиальды бетінде жатқан
жұқа, таспа пішіндес ет. Ол жауырынның каудальды жиегінен, үлкен жұмыр
жəне арқаның тым жалпақ бұлшық еттерінің шандырларынан басталады да,
шынтақ өсіндісінің төмпегі мен білек аумағы шандырында аяқталады.
Ерекшеліктері. Итте аталған бұлшық ет тек арқаның тым жалпақ
бұлшық етінің шандырынан басталады.
Қызметі. Білек шандырын кергіш бұлшық ет негізінен шынтақ буынын
жазады, Сонымен қатар, ол иық буынын бүгуге жəне білек шандырын керуге
де қатысады.
3. Шынтақ бұлшық еті (m. anconaeus) тоқпан жіліктің шынтақ
шұңқырының жиегінен басталып, шынтақ өсіндісі төмпегінің латеральды
бетінде аяқталады.
Қызметі. Бұл бұлшық ет шынтақ буынын жазуға қатысады,
228
Флексорлар: 1. Иықтың екібасты бұлшық еті (m. biceps brachii)
пішіні ұршық сабына ұқсас, иық жəне шынтақ буындарына қатар əсер ететін
күшті сіңірлі ет. Ол сіңірлі ұшымен жауырын төмпегінен басталып, екі
бөлікке бөлінеді. Оның бір сіңірлі құйрығы кəрі жілік бұдырында, ал екінші
сіңірлі құйрығы шынтақ буынының медиальды бүйір байламында аяқталады.