К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет258/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық еттің сіңірі кəрі жіліктің дистальды
эпифизінің дорсальды бетіндегі ортаңғы сай арқылы өтеді. Сиыр мен ұсақ 


малдарда бұлшық еттің екі сіңірлі басы болады. Оның бір сіңірлі басы
тоқпан жіліктің дельта тəрізді бұдырынан, ал екінші сіңірлі басы иықтың 
екібасты бұлшық етінен басталады. Шошқа мен итте бұлшық еттің екі
құрсағы болады. 


Қызметі. Тізені жазғыш кəрі жілік бұлшық еті тізе буынын жазады жəне
шынтақ буынын бүгетін бұлшық еттерге көмектеседі. 

229
2. Үлкен саусакты алыстатқыш ұзын бұлшық ет (m. abductor pollicis


longus) кəрі жіліктің төменгі латеральды бетінен басталады. Еттің сіңірлі
қалдығы медиальды жəне дистальды бағытта қиғаштала төмен бағытталып, 
тізе буынының дорсальды бетіне шығады да, II алдыңғы жіліншіктің
проксимальды басында аяқталады. 


Ерекшеліктері. Бұлшық ет итте I алдыңғы жіліншіктің проксимальды
басында аяқталады. 


Қызметі. Үлкен саусақты алыстатқыш ұзын бұлшық еттің сіңірлі
қалдығы тізе буынын жазуға көмектеседі. 


Флексорлар: І.Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еті (m. extensor carpi
ulnaris) тоқпан жіліктің жазғыш /латеральды/ айдаршықүстінен басталады. 
Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еттің аяқталатын екі сіңірлі құйрығы болады.
Оның дорсальды сіңірлі құйрығы V жəне IV алдыңғы жіліншіктердің 
проксимальды бастарында, ал пальмарлық сіңірлі құйрығы тізе сүйектерінде
аяқталады. 


Ерекшеліктері. Итте бұлшық еттің пальмарлық құйрығы болмайды.

Қызметі. Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еті тек итте ғана тізе буынын
жазады, ал басқа жануарларда аталмыш буынды бүгеді. 


2.Тізені бүккіш шынтақ бұлшық еті (m. flexsor carpi ulnaris) тоқпан
жіліктің медиальды (бүккіш) айдаршықүстінен жəне шынтақ бұдырының 
медиальды бетінен басталып, қосымша тізе сүйекте аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет