К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Тандай шымылдығының бұлшық еттері



бет313/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   607
Тандай шымылдығының бұлшық еттері. 


І.Таңдай бұлшық еті (m. palatinus) жұмсақ тандайдың негізін құрайды.
Ол таңдай сүйегінің артқы жиегінен басталып, тандай доғасына бағытталады. 
Бұл бұлшық ет жұтынғаннан кейін жұмсақ тандайды қысқартады.

2. Тандай шымылдығын көтергіш бұлшық ет (m. levator veli palatini)
самай сүйектің ет өсіндісінең басталып, таңдай шымылдығының орта тұсына 
келіп аяқталады. Аталмыш бұлшық ет жұтыну кезінде тандай шымылдығын
көтеріп, есінді кеңейтеді. 


З.Тандай шымылдығын қатайтқыш бұлшық ет (m. tensor veli
palatini) таңдай шымылдығын көтергіш бұлшық етпен бірге басталып
қанатша сүйектің ілмегіне қарай бағытталады да, одан асып өтіп тандай
шымылдығының екі бүйіріне бекиді. Бұл бұлшық ет жүту кезінде тандай 
шымылдығын көтеріп, азықтың ауыз қуысынан жұтқыншаққа өтуіне
көмектеседі. 


Ерекшеліктері. Жылқыда таңдай шымылдығы өте ұзын. Оның тандай
доғасы тіл түбіріне дейін жетеді. Осыған байланысты жылқы басқа 
малдармен
салыстырғанда 
аузымен
дем

ала
алмайды. 


Таңдай
шымылдығында тақ тандай бадамшасы, ал тіл түбірінің екі бүйірінде жұп 
тандай бадамшалары орналасады.

Күйіс қайтаратын малдардың жұмсақ тандайы сəл қысқалау келіп,
көмекей бөбешігінің ұшына дейін созылады. Таңдай шымылдығының екі 
бүйірінде тандай бадамшалары болады.

Шошқада тандай шымылдығы қысқа жəне қалың болып келіп,
бөбешікке горизонтальды бағытталады. Таңдай шымылдығында тақ тандай 
бадамшасы орналасады.

Итте тандай шымылдығы тіл түбіріне қарай бағытталыи, бірақ оған сəл
жетпей аяқталады. Таңдай бадамшалары ерекше бадамша қуыстарда (sinus 
tonsillares) орналасқан.
Ауыз куысының түбіңде (дно ротовой полости) негізінен тіл жатады.
Тіл мен қызыл иек аралығындағы саңылау тəрізді қалтарыста тіласты 


қатпарлары (plica sublingulis) болады. Аталған қатпарларға көп өзеқті
тіласты сілікей бездерінің өзектері ашылады. Тіл ұшының төменгі жағында, 
ауыз қуысы кілегейлі қабығының тілге қарай өтетін катпары тіл жүгеншігі
(frenulum linguae) болады. Оның екі бүйірінде тіласты сүйелшелері 
(caruncula sublingulis) көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгі жақ жəне бір
өзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері ашылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет