К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет317/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   607
Қабырғалық сілекей бездері ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі
қабықтарында, тілде бұлшық еттер аралыктарында да орналасады. Оларга 
ерін, тандай, ұрт жəне тіл бездерін жатқызады. Ал ауыз қуысы қабырғасынан
тыс жатқан сілекей бездері мөлшері жағынан ірі бездер. Олар жануарлардың 
бас аумағында, ауыз қуысынан сыртта орналасады. Ауыз куысына олардың
тек шығару өзектері ғана ашылады. Ауыз куысынан тыс жатқан сілекей 


бездері тобына құлақтүбі (шықшыт), төменгі жақ (алқым) жəне тіласты
(бұғак) сілекей бездері жатады. 


1. Құлақтүбі безі немесе шықшыт сілекей безі (околоушная железа) —
gl. parotis — сыртқы есту жолының төменгі жағын ала, жак пен атлант 
аралығында орналасқан көлемді без. Құрылысы жағынан күрделі
көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Ол сірлі сілекей бөледі. Шықшыт безі 
көптеген бөліктерден тұрады. Бұл бөліктерден басталатын өзектер өзара
бірігіп, шықшыт безінің жалпы өзегін (ductus parotide us) түзеді, Ол 
жақаралық кеңістіктегі қанатша бұлшық еттің медиальды бетімен алға қарай
ұрт аумағына бағытталып, төменгі жақтың вентральды бетіндегі тамырлы 
ойық арқылы төменгі жақ сүйектің латеральды бетіне шығады. Бұдан соң, ол
үлкен шайнау бұлшық етінің алдыңғы жиегімен жоғары қарай көтеріліп, 3-4 -
інші жоғарғы азу тістердің деңгейінде ұрттың кілегейлі қабығындағы
бүртікке (papilla parotidea) ашылады. 


Ерекшеліктері. Жылқы құлақтүбі (шықшыт) сілекей безінің пішіні
сопақша келіп, төртбұрышты да көлемді болып келеді. Оның түсі сұрғылт-
қызыл
немесе

сарғыш-қызыл


болып

келеді.


Күйіс қайтаратын 

жануарлардың шықшыт бездері көлемді, едəуір үлкен келеді. Олардың
пішіндері ұзынша, түсі қоңыр-қызыл. Бездің дорсальды бөлігі қалыңдау 
болады. Шошқа шықшыт безінің пішіні үшбұрышты, түрі қызыл-қоңыр
болып келеді. Ит шықшыт безінің пішіні үшбұрышты жəне сəл дөңгелекше 
болып келеді. Сілекей бездерінің ішінде көлемі жағынан екінші орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет