277
медиальды бетімен өтіп, тіласты сүйелшеге келіп ашылады. Төменгі жақ безі
сірлі-кілегейлі (аралас) сілекей бөледі.
Ерекшеліктері. Жылқы томенгі жақ сілекей безінің пішіні ұзынша
келеді. Оның жоғарғы жиегі атлантқа дейін жетеді, ал төменгі бөлігі
жақаралық кеңістікте жатады. Көлемі жағынан шықшыт сілекей безінен сəл
кішілеу келеді.
Күйіс қайтаратын жануарларда төменгі жақ безі шықшыт
безіне қарағанда көлемділеу, пішіні ұзынша, сарғыш түсті болады. Ол атлант
пен төменгі жақ сүйегінің тамырлы ойығы аралығында орналасқан. Оң жəне
сол жақ сілекей бездерін аталған аумақта теріастынан басып байқауға
болады.
Шощқаның төменгі жақ безі көлемі жағынан кішілеу, пішіні
дөңгелектеу, қызғылт түсті келеді.
Итте бұл без сілекей бездерінің ішіндегі
ең көлемдісі, пішіні дөңгелекше, ақшыл-сары түсті. Ол шықшыт безінен
темен орналасады.
3. Тіласты безі (подъязычная железа) — gl. sublingualis — ауыз
түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде
орналасқан. Ол екі бөлімге бөлінеді. Оның алдыңғы бөлімі көп өзекті тіласты
сілекей безі, ал артқы бөлімі бір өзекті тіласты сілекей безі — деп аталады.
Көи өзекті тіласты безі (gl. sublingualis polistomatica) жануарлардың
барлық түрлерінде болады. Ол тілдің бүйірлік бұлшық етінің медиальды
бетінде жатады.
Ерекшеліктері. Жылқыда көп өзекті тіласты сілекей безі
сұрғылтқызыл түсті болады. Ол 7-азу тұсынан төмегі жақтың иектік
бұрышына дейін созылады. Оның 30 –ға жуық шығару өзектері тілдің
төменгі жағына ашылып, сірлі-кілегейлі сілекей бөледі.
Күйіс қайтаратын
жануарлардын көп өзікті тіласты сілекей безі сарғыш түсті болып, артқы
жағы тандай-тіл доғасына дейін созылады. Без өзегі екі қатар болып ашылып,
кілегейлі сөл бөледі.
Шошқада бұл без қызғылт түсті сірлі-кілегейлі сілекей
бөледі.
Итге көп өзекті тіласты сілекей безі жеке бөліктерден тұрады. Ол
кілегейлі сілекей бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: