К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет339/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Күйіс қайтаратын жануарларда он екі елі ішек ұлтабар ұшы - деп 
аталады. Оның ұзындығы 70-120 см -дей болады. Ол ұлтабардан 9-11
қабырғалар тұсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың бетінде 


он екі елі ішектің краниальды иілімін (flexura duodeni cranialis) тұзеді.
Бұдан соң, ол бауырдан каудальды бағытта оң бүйректің төменгі жиегін 
бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады да, медиальды
бағытта бұрылып, ұлтабар ұшының каудальды иілімін (flexura duodeni 
caudalis) жасайды. Бұдан кейін, ол бел бұлшық еттерімен жанаса қайтадан
бауырға қарай бағытталып, оның маңында он екі елі-аш ішек иілімін 
(flexura duodenojejunal) түзіп, аш ішекке өтеді. Бауыр өзегі он екі елі ішекке
сиырда пилорустан 50-70 см -дей, ұсақ малдарда 25-40 см қашықтықта
ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі сиырда бауыр өзегінен 30- 40 см -дей 
кейінірек, ал ұсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.

Шошқа он екі елі ішегінің ұзындығы 40-80 см -дей болады. Ол құрсақ
қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр өзегі 
пилорустан 2-5 см, ал ұйқы безінің өзегі 15-25 см қашықтықта ашылады.

Иттің он екі елі ішегі ұзын шажырқайға ілінгендіктен, ол қозғалмалы
келеді. Ішек негізінен төмендеген жəне өрлеме бөліктерден тұрады. Ол 
қарыннан шыққаннан соң, жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылған
төмендеген бөлікті құрайды. Бұл бөлік оң қабырғаастылық жəне оң бүйірлік 
аумақтарда орналасады. Бұдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға
қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан 
қарынға қарай бағытталып, ішектің өрлеме бөлігін жасайды да, қарын
маңында аш ішекке өтеді. Өтпен ұйқы безі өзектері бірігіп, пилорустан 3-8 
см -дей қашықтықтағы бүртікке ашылады.
Аш ішек (тощая кишка) — intestinum jejunum — ащы ішектің ең ұзын 
бөлігі (сиырда — 40 м, қойда — 30-35 м, жылқыда — 30 м, шошқада — 20 м,
итте — 2-7 м). Ол ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін 
(ansae intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет