К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет340/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда аш ішектің ұзындығы орта есеппен 19 - 30
м, диаметрі 6 - 7 см -дей болады. Ішек бүйеннің алдыңғы жағында ұзын 
шажырқайға ілініп тұрады. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысының
жоғарғы жəне ортаңғы бөлігін алып жатады. 


Сиырда аш ішектің ұзындығы 40 м, диаметрі 5-6 см, ал ұсақ малдарда
— 30 м, диаметрі — 1,5 - 2 см болады. Күйіс қайтаратын жануарларда аш 
ішек басқа жануарлармен салыстырғанда қысқа шажырқайға ілінген. Ол
көптеген ілмектер түзеді. Аш ішек түгелімен құрсақ қуысының оң болігінде 
орналасады.

Шошқада аш ішектің ұзындығы 15-20 м болады, ішек ілмектері ұзын
шажырқайға ілінген. 


Ит аш ішегінің ұзындығы 2-7 м. Ішектің ішкі бетінде қорғаныс қызметін
атқаратын лимфа түйіншелері көптеп кездеседі. 


Мықын ішек (подвздошная кишка) — intestinum ileum — ащы ішектің
ең қысқа бөлігі (сиырда 50 см, қойда 20 - 25 см, жылқы мен шошқада 30 см, 

294
итте —10-20 см). Ол аш ішектен түзуленіп шығып, жылқыда бүйенге, қалған 


жануарларда бүйен мен тоқ ішектің шекарасына ашылады. Оның тоқ ішекке


ашылар тесігінің қабырғасында, мықын ішек бүртігінің негізін құрайтын 


қысқыш ет болады.

Ерекшеліктері. Жылқыда мықын ішектің ұзындығы 30 см, құрсақ
куысының оң бүйірлік аумағында жатады. Ол бүйеннің кіші иініне тікелей 
ашылады.

Күйіс қайтаратын жануарларда мықын ішек бүйен мен тоқ ішек
шекарасына, 4 — бел омыртқа тұсында ашылады. 


Шошқада мықын ішек тоқ ішектің алдыңғы оң жағының жоғарғы
бетіне шолмек тəрізденіп ашылады. Осы тұс бүйен мен тоқ ішек шекарасы 
болып табылады.

Итте де мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасындағы ішек бүртігіне,
1-2 -нші бел омыртқалар тұсында ашылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет