К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Ацидофилді аденоциттердің үлесіне



бет423/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ацидофилді аденоциттердің үлесіне. Эндокриноциттерінің 30-35% -ы
тиеді. Бұлардың цитоплазмасында қызыл түске боялған дəншелер болады. 
Пішіні дөңгелек не сопақ келген ацидофилді жасушалардың мөлшері
хромофобты аденоциттерден үлкендеу, ал базофилді жасушалардан сел 
кішірек келеді. Олардың дөңгелек ядролары жасушаның орталығында
орналасады. Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Гольдж 
кешені ядроға жақын жатады. Митохондриялары ірі болып келеді, бірақ сан
жағынан тым аз. 
174 — сурет. A — сиыр гипофизі құрылысының нобаиы, Б — гипофиздің 

алдыңғы бөлігі 
1 - гипофиз кұйғышы (воронка), 2 - төмпектік (туберальды) бөлік, 3 - 
аденогипофиздің алдыңғы бөлігі, 4 - аденогипофиздін аралықбөлігі,


362
5 — қүйғыштың сабагы, 6 — гипофиздің артқы бөлігі (нейрогипофиз), 7 — 


бөліктераралык. саңылау, 8 — мидың қатты қабығы, 9 — хромофобты аденоциттер, 10 —


ацидофилді аденоциттер, 11 — базофилді аденоциттер, 
12 —қойнауша қан капилляры.
Ацидофилді аденоциттер дөншелерінің мөлшері мен гормондар белу 

сипатына


қарай

үш
түрге

бөлінеді.
Олар:

соматотропоциттер,


лактотропоциттер, 
кортикотропоциттер.
Соматотропоциттер 
цитоплазмасындағы дəншелердің мелшері 350-400 нм. Соматотропоциттер
осу гормонын (соматроптық гормон — СТГ) бөледі. Бұл гормон жануарлар 
организмі ұлпаларының өсіп же-тілуін, жалпы организмнің өсуін қамтамасыз
етеді. Лактотропоциттер дəншелерінің мөлшері 500-600 нм. Пролактин 
(лакто-троптық гормон — ЛТГ) жұмыртқалықгағы сары дененің белсенділігі
мен сүттену процесін реттеуге қатысады. Пішіні бүрышты келген 
кортикотропоциттердің тығыз өзекті дəншелері сыртынан көпіршікше
жарғақпен қапталған. Олар бүйрекүсті қыртысты затының гормон болу 
қызметінің белсенділігін арттыратын адрено-кортикотроптық гормон (АКТГ)
бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет