К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет431/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Торлы аймақта эндокриноциттер бағандары бір-бірмен қосылып
ажырап, жасушалар бағандары торын жасайды. Бағандарды пішіні дөңгелек 
немесе текше тəрізді не бұрышты эндокриноциттер құрайды. Ақшыл
жасушалардың саны азайып, кұңгірт жасушалар көбейеді. Эндокриноциттер 
андрогенстероидты гормон бөледі. Бұл гормонный, табиғаты еннің
тестостерон гормонына жақын. 


Бозғылт зат қыртысты заттан жұқа дəнекер ұлпалық аралық арқылы
бөлінген. Бозғылт затты топтасып орналасқан дөңгелек пішінді ірі 
эндокриноциттер
(хромаффинді 
жасушалар)
құрайды. 
Олардың
аралықтарымен 
қойнауша
(синусоидты) 
қан
капиллярлары 

өтеді.
Хромаффинді жасушалар боялу сипатына байланысты ақшыл боялған 


эпинефроциттер жəне күңгірт түске боялган норэпинефроциттер болып
бөлінеді. Эпинефроциттер адреналин, норэпинефроциттер норадреналин 
гормондарын
бөледі.

Адреналин


жүректің 
соғуың
жиілетеді, 
қан
тамырларының қабырғалары етті қабықтарыңьщ жиырылуын күшейтіп, 

қанның қысымын арттырады, ішектер қабырғаларының перистальтикалық


жиырылуын 
баяулатады,
бауыр

мен
бұлшық

еттерде
қорланған 
гликогендерді глюкозаға ыдыратады Норадреналин қан тамырларының
арналарын тарылтып, қанның қысымын арттырумен қатар, гипоталамустың 
нейросекреторлы қыз-метіне эсер етеді. Бүйрекүсті безінің қыртысты заты
мезодермадан ал бозғылт заты эктодермадан дамып жетіледі. 


Ерекшеліктер. Жылқы бүйрекүсті безінің салмағы 20- 44 г сиырда —
25-35 г, қойда — 2,6 г, ешкіде —1,7 г, шошқада — 6,5 т. 


Эндокринді бездер бойынша бақылау сүрақтары:
1. Эндокринді бездерге тəн морфологиялық белгілерді еске түсіріңіз. 

2. Қызметіне байланысты эндокринді бездер қандай топтарға бөлінеді?


3. Орталық ішкі секреция бездеріне қандай бездерді жатқызады? 
4. Шеткі эндокринді бездерге қандай бездер жатады?
5. Гипоталамустың дамуы, орналасу орны (топографиясы), құрылысы. 
6. Гипофиздің дамуы, орналасу орны, құрылысы.
7. Эпифиздің дамуы, орналасу орны, құрылысы. 
8. Қалқанша бездің дамуы, орналасу орны, құрылысы.
9. Қалқаншамаңы безінің дамуы, топографиясы, құрылысы. 
10. Бүйрекүсті безінің дамуы, топографиясы, құрылысы.


369
11. Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, 


оларды жаттаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет