К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет422/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ГИПОФИЗ 

Гипофиз (hypophysis) жануарлар организміндегі көптеген эндокринді
бездер қызметтерін реттеуге қажет гормондар бөлетін ішкі секреция бездер 
жүйесінің
орталық

мүшесі.
Ол

аралық
мидың

құрамына


кіріп,

гипоталамуспен жалғасып жатады. Гипофиз безді гипофизден немесе


аденогипофизден жəне нейрогипофизден құралған. Аденогипофиздің өзі 
алдыңгы, аралық жəне төмпектік (туберальды) бөліктерден тұрады.
Аденогипофиз біріншілік ауыз қуысы төбесі шүңқырын, яғни гипофиз 
қалтасын астарлайтын эктодермалық эпителийден, ал нейрогипофиз ми
қалтасынан дамып жетілетін жүйкелік глиядан дамиды. Гипофиз бассүйек 
сынаша сүйегінің түрік ершігі шұңқырында орналасып, жүйке жүйесі мен
эндокринді бездер жүйесінің қызметтік байланысын қамтамасыз етеді. 


Аденогипофиздің 

алдыңғы 

бөлігінің
паренхимасы 
эпителий
жасушалары 
(аденоциттер,
эндокриноциттер) 
құрайтын
бағандар 
тармақтарынан
түзілген. 
Аденоциттер
бағандары 
қойнауша
қан

капиллярлары қабырғаларына тығыз жанасып жатады. Тым жұқа дəнекер


ұлпалық без стромасы нашар жетілген. Сондықтан, аденоциттер бағандары 
тармақтарын бір-бірінен қойнауша қан капиллярлары ғана ажыратып тұрады.
Жасушалар бағандарын үш түрлі аденоциттер құрайды. Бағандардың шеткі 
жағындағы эпителий жасушалары цитоплазмасында түрлі бояулармен
боялатын дəншелері болады. Оларды хромофилді аденоциттер — деп 
атайды. Ал бағандардың орта шеніндегі эндокриноциттер тым солғын
боялады. Оларды хромофобты аденоциттер — дейді. Цитоплазмасындагы 
дəншелері қышқылдық бояулармен қызыл түске боялатын хромофилді
эндокриноциттерді ацидофилді аденоциттер, ал негіздік бояулармен көкшіл 
түске боялатын хромофилді жасушаларды базофилді аденоциттер — деп
атайды.

Мөлшері кішірек келген, солгын боялған хромофобты аденоциттер


алдыңғы боліктің барлық эндокриноциттерінің шамамен 60% -ын құрайды. 
Олар жас камбиальды жасушалар. Хромофобты аденоциттерден ацидофилді
жəне базофилді аденоциттер өсіп жетіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет