К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Жүректің жүйке-бұлшық жүйесі



бет443/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

187 — сурет. Жүректің жүйке-бұлшық жүйесі 
I оң жүрекше, II — сол жүрекше, III — оң қарынша, IV — сол қарынша. 1 — 
қойнау-жүрекше түйіні, 2 - жүрекше-қарынша (атрио-вентрикулалы) түйіні, 3 - атрио-
вентрикулалы буда, 4 — буданың сол аяқшасы, 5 - буданың оң аяқшасы, а — артқы куыс 
вена, б — алдыңғы қуыс вена, в — өкпе веналары.


188 — сурет. Журекқаптың құрылысы 
1 —миокард, 2 — эпикард, 3 — перикард куысы, 4 — перикард сірлі қабығыньгң
париетальды жапырақшасы, 5 — журекқаптың фиброзды кабаты, 6 — перикардиальды 
плевра, 7 — қабырғалық плевра (көкірек куысы қабырғасының), 8 — көкірекіштік
шандыр, 9 — көкірек куысының кабырғасы, 10 — жүрекқап байламы, 11 — перикард сірлі 
қабығы париетальды жапырақшасының жүректің эпикардына (висцеральды
жапыракдіасына) ауыскан түсы. 


Жүрекқап (үлпершек) — pericardium — жүректі сыртынан қаптап, оның
біркалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Ол үш кабаттан тұрады. Оның 
сыртқы кабаты — көкірек ортасының плеврасы (сірлі кабық). Жүрекқаптың
негізін көкірекіштік шандырдың жүрек тұсындағы бөлігі талшықты 
(фиброзды) қабат құрайды. Үлпершектің ішкі бетін жүрекқаптың сірлі
қабығының 
қабырғалық
жапырақшасы 
(париетальды
жапырақша) 
астарлайды. Ішкі сірлі кабат жүректің табаны арқылы, оның сыртқы бетіне
өтіп, жүректің сыртқы кабығы эпикардты (висцеральды жапырақша) 
құрайды. Жүрек пен жүрекқаптың аралығындағы куысты перикард куысы
— дейді. Бұл куыста жүрек пен жүрекқаптың беттерін сылап тұратын аздаған 
сірлі сүйық болады.



382



КАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРЛЕРІ 
Қан айналым шеңберлері. Жануарлар организмінде кіші жəне үлкен
қан айналым шеңберлері ажыратылады. 


Кіші немесе өкпе қан айналым шеңбері жүректің оң қарыншасынан
(вена қаны) өкпе бағаны артериясымен өкпеге барып, одан өкпе веналары 
арқылы (артерия қаны) жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін
жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны 
көмірқышқыл газын ауаға бөліп, ауа кұрамындағы оттегімен қанығып.
артерия канына айналады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет