өкпе веналары (w. pulmonales) арқылы аттас артериялар бойымен кері
бағытта жүректің сол жүрекшесіне əкелінеді.
ҮЛКЕН ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНІҢ АРТЕРИЯЛАРЫ
Қолқа (аорта) — aorta — үй жануарлары организмдеріндегі негізгі
қоректендіргіш магистральды артерия. Ол омыртқа бағанының төменгі
(вентральды) бетінің сол жағымен өтеді. Қолқа жүректен шыққан бойда,
омыртқа бағанына қарай жоғары бағытталады. Жүректің негізі мен омыртқа
бағаны аралығындағы қолқаның артқа қарай иілген бөлігін қолқа доғасы —
arcus aortae— деп атайды. Қолқа доғасынан қолқаның көкеттегі
(диафрагмадағы) қолқа тесігіне — hiatus aorticus — дейінгі бөлігін көкірек
қолқасы - aorta thoracica, ал оның диафрагмадан кейін орналасқан құрсақ
куысындағы бөлігін — құрсақ қолқасы — aorta abdominalis — деп атайды.
Құрсақ қуысындагы құрсақ қолқасынан 5-інші жəне 6-ыншы бел
омыртқалардың тұсында сыртқы жəне ішкі мықын артериялары таралғаннан
кейін, қүйымшақ аумағында құрсақ қолқасының жалғасы орталық қүйымшақ артериясы — a. sacralis mediana, ал құйрық омыртқалар
аумағында орталық құйрық артериясы — a. caudalis mediana — деп
аталады.
Үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық тамырлар жүйесі —
қолқаның тармақтары.
Қолқа_доғасы'>ҚОЛКА ДОҒАСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ Қолқа доғасы (дуга аорты) — arcus aortae — бас, мойын, көкірек
керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігі мен алдыңғы аяқтарды артерия
қанымен қамтамасыз етеді. Қолқа жүректің сол қарыншасынан шыққан
бойда, оның арнасы кеңейіп басталады. Қолқаның кеңейіп басталған бөлігін
қолқа баданасы — bulbus aortae — деп атайды.Қолқа баданасының
қабырғасы мен оның ішкі бетіндегі қолқаның үш айшықты қақпақшалары
бірігіп, қолқа қойнауын (синусын) sinus aortae — жасайды. Қолқа
қойнауынан жүректің өз қабырғасын қоректендіретін оң жəне сол тəждік
артерияларының — аа. coronaria dextra et sinistra — арналары басталады.
Қолқаның қолқа қойнауынан өкпе артериясының бағанымен катар, омыртқа
бағанына қарай көтерілген бөлігін қолқа өрлемесі — aorta ascendens —
дейді. Қолқа өрлемесі өкпе артериясының бағанымен артериялық байлам
(ligamentum arteriosum) арқылы байланысып, жүрекқап қуысында жатады.
Жүрекқаптан шыққан бойда қолқа доғасынан дененің бас, мойын мен көкірек
керегесі қабырғасының төменгі бөлігін мен алдыңғы аяқтарды артерия
385
қанымен қамтамасыз ететін, жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда иық-
бас артерия бағаны, ал шошқа мен итте сол бұғанаасты артериясы мен иық-