К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет451/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   607
2. Терең мойын артериясы (глубокая шейная артерия) — а. cervicalis
profunda — бұғанаасты артериядан жеке немесе басқа артериялармен бірге 
бөлініп, көкірек қуысынан бірінші қабырғадан кейін (күйіс қайтаратын
жануарларда бірінші қабырғаның алдыңғы жағымен) шығып, мойынның 
дорсальды бұлшық еттерінде тарамдалады. Оның соңғы тармақтары
омыртқалық жəне шүйде артерия ларымен жалғасып кетеді. 


Ерекшеліктері. Жылқыда терең мойын артериясы сол бұғанаасты
жəне иық-бас артерияларынан дорсальды жауырын артериясынан кейін, 
екінші артерия тармағы болып ажырайды. Бұл артериядан 1- дорсальды
қабырғааралық артерия ажырайды. 


Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада терең мойын артериясы
бүғанаасты артериясынан қабырға-мойын бағанының құрамында бөлінеді. 
Шошқада сол терең мойын артериясынан 1-дорсальды қабырғааралық
артерия ажырайды. 


Итте терең мойын артериясы бүғанаасты артериясынан омыртқалық
артериядан кейін, екінші болып дорсальды жауырын артериясымен бірге 
бөлінеді.
3. Дорсальды жауырын артериясы (дорсальная лопаточная артерия) -
a. scapularis dorsalis — жылқы мен шошқада 2-қабырғадан кейін, ал күйіс 
қайтаратын жануарлар мен итте 1-қабырғаның алдыңғы жағымен шығып,
жоғары бағытталады да, дененің екі жауырын аралығындағы шоқтық 
аумағының бүлшық еттерінде таралып, оларды артерия қанымен қамтамасыз
етеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда сол жақтан бұғанаасты, оң жақтан иық-бас
артерияларынан бірінші болып ажырап, көкірек қуысының екінші 
қабырғааралық кеңістігінен шығады.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошкада дорсальды жауырын
артериясы қабырға-мойын бағанынан ажырайды. 

389



Итте дорсальды жауырын артериясы терең мойын артериясымен бірге 
басталып, қабырға-мойын бағанын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет