387
содан соң терең мойын жəне алдыңғы кабырғалараралық артериялар мен
дорсальды жауырын артериясы бөлінеді.
Итте сол бүғанаасты артериясынан бірінші омыртқалық артерия, екінші
қабырға-мойын бағаны, одан кейін ішкі көкірек артериясы,
беткей мойын
артериясы, соңынан сыртқы көкірек артериясы ажырайды. Иық-бас
артериясынан сол жəне оң ұйқы артериялары жеке дара болып бөлінгеннен
кейін, ол оң бұғанаасты артериясына айналады. Оның тарамдалу реті сол
бүғанаасты артериясымен бірдей. Қабырға-мойын бағаны кезегімен терең
мойын жəне дорсальды жауырын артерияларына ажырайды.
Бүғанаасты артериядан мойынның дорсальды бұлшық еттеріне: 1)
омыртқалық артерия, 2)
терең мойын артериясы, 3) дорсальды жауырын
артериясы, 4) алдыңғы кабырғааралық артерия; мойынның вентральды
бұлшық еттеріне: 5) беткей мойын артериясы;
көкірек керегесінің
вентральды бөлігіне: 6) ішкі көкірек артериясы жəне 7) сыртқы көкірек
артериясы ажырайды. Аталған артериялар өздері артерия қанымен
қамтамасыз ететін дене аумақтарының магистральды тамырлары.
1. Омырткалық артерия (позвоночная артерия) — a.vertebralis —
бүғанаасты артериясының үлкен артерия тармағы. Аттас вена жəне
жүйкемен бірге 6 -ншы мойын омыртқаның көлденең тесігіне еніп, одан əрі
мойын омыртқалардың
көлденең өзектері (canalis transversarius) арқылы
атлантқа дейін өтіп, шүйде артериясымен жалғасады. Омыртқалық
артериядан мойын омыртқалардың шекарасында үш артерия тармақтары
ажырайды. Оның
жұлындық тармағы (r.spinalis)
омыртқааралық тесік
арқылы омыртқа өзегінің ішіне кіріп,
дорсальды жəне
вентральды жұлын
артерияларына (a. spinalis dorsalis etventralis) тармақталады. Ал дорсальды
жəне вентральды тармақтары мойын аумағы омыртқа бағанының дорсальды
жəне вентральды бұлшық еттерін артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Омыртқалық артерия атланттың қанат шұңқырында шүйде артериясының
тармағымен қосылады да, мойын омыртқалардың қанат жəне омыртқааралық
тесіктері арқылы омыртқа өзегінің ішіне кіріп,
қарсы жақтың аттас қан
тамырларымен бірігіп,
мидың негіздік артериясын (a. basilaris) құрайды.
Мидың негіздік артериясынан
каудальды мишық артериясы (a. cerebelli
caudalis) жəне
ми көпіріне арналған артерия тармақтары (rr. ad pontum),
ал күйіс қайтаратын жануарларда, шошқада жəне жылқыда қосымша
шытырман артериясы (a. labyrinthi) ажырайды.
Достарыңызбен бөлісу: