388
сауытының ішінде каудальды эпидуральды ғажап торды (rete mirabile
epidurale caudalis) жасауға қатысады. Аталған артерия тармағы бөлінгеннен
кейін, омыртқалық артерия төмендеген тармақ (r. descendens) ретінде шүйде
аумағының тереңдегі бүлшық еттерінде тарамдалып, оларды қоректендіреді.
Шошкада да омыртқалық артерия мойын аумағының дорсальды
бүлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін артериялар үшін,
олардың негізгі
артериясы бағанының қызметін атқарып, омыртқа-мойын бағаны (truncus
vertebro-cervicalis) - деп аталады.
Итте омыртқалық артерия бұғанаасты
артериясынан бірінші болып
ажырайтын ірі артерия.
Кабырға-мойын бағаны (truncus costo-cervicalis) алдыңғы қабырға
аралық
артерия
мен
дорсальды
жауырын
артериясы
ажырайтын
магистральды артерияның негізін құрайды. Қабырға-мойын бағаны жылқыда
бүғанаасты артериядан
бірінші болып жеке бөлінеді, күйіс қайтаратын
жануарлар мен шошқада терең мойын жəне омыртқалық артериялармен
бірге, ал итте терең мойын артериясымен бірге басталады.
Достарыңызбен бөлісу: