К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет460/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

тармақтары (rr. perihyoidei); 
3) тілдің жоғарғы бөлігінде дорсальды тіл тармақтары (rr. dor-sales 
linquae).

Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда тіл
артериясы бет артериясымен бірігіп, жалпы тіл-бет бағаны (truncus 
linquo-facialis) болып басталады.

Күйіс кайтаратын жануарлар мен шошқада тіл артериясынан
жоғарыда баяндалған қан тамырларынан басқа тіласты артериясы (a. 
sublinqualis) бөлінеді.

Қой мен ешкіде тіласты артериясынан бастың иек аумағын артерия
қанымен қамтамасыз ететін иек артериясы (a. mentalis) ажырайды. 
Тіл артериясы тіл жəне тіласты сүйек маңындағы ұлпаларды
коректендіретін қан тамырларын бөлгеннен соң, теменгі жақсүйектің 

395
тамырлы ойығымен төменгі жақтың сыртқы латеральды беті арқылы бас 


аумағының бет бөліміне шығып, бет артериясы — деп аталады.


3. Бет артериясы (лицевая артерия) — a. facialis — канатша бүл-шық
еттің медиальды бетімен өтіп, төменгі жақ сүйектің тамырлы ойығы арқылы 
бастың бет бөлімінің латеральды бетіне шығады да, үлкен шайнау бұлшық
етінің алдыңғы жиегімен жоғары көтеріліп, бастың бет бөлімін 
қоректендіретін артерия тамырларына бөлінеді.

Бет артериясынан ажырайтын артерия тармактары: 
1) төменгі жақ безін қоректендіретін без тармағы (г. glandularis); 
2) тіласты-иек бұлшық етін қоректендіретін тіласты артериясы (a.
sublinqualis); 
3) төменгі ерін артериясы (a. labialis inferior);
4) жоғарғы ерін артериясы (a. labialis superior). Жоғарғы ерін 
артериясын бөлгеннен соң, бет артериясы өз кезегінде екі артерияға
ажырайды. Оның біріншісі, бастың мұрын аумағын қоректендіретін 


алдыңғы бүйірлік мұрын артериясы (a. lateralis nasi rostralis), ал екіншісі,
жоғары жəне артқа қарай бағытталып, бастың көз аумағын тамырландыратын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет