Иттелимфа түйінінің ұзындығы 5 см болады.
2.Тобықүсті лимфа орталығы (надколенный лимфоцентр) 1с.
subiliacum — санның жалпақ шандыр кергіш бұлшық еттің медиальды
бетінде, шамамен сербек пен тобық аралығының орта тұсында орналасады.
Лимфаны құрсақ қабырғасы мен артқы аяқ терілерінен, санның жалпақ
шандырын кергіш бұлшық етінен жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,2-2,8 см болатын 15-50 лимфа
түйіндері ұзындығы 6-10 см тізбек түзеді. Сиырда түйіннің орташа мөлшері
6-11 см, ұсақ малдарда 4-5 см болады. Шошқада лимфа түйінінің ұзындығы
4,0 — 6,5 см. Ол жоғарыда баяндалған дене аумақтарынан басқа, лимфаны
қосымша бел жəне көкірек қабырғасынан (соңғы 3-5-інші қабырға) да
жинайды. Итте бұл орталық болмайды.
З.Шаптың беткей лимфа орталығы (поверхностный паховой лим-
фоцентр) — lc. inguinalis superficialis — жануарлардың жынысына
байланысты түрліше орналасады, Еркек жануарларда құрсақ қабырғасының
вентральды бетінде, жыныстық мүшенің бүйірінде, ал ұрғашы жануарларда
желіннің жоғарғы жағында, тері астында орналасады. Бұл орталык лимфаны
сыртқы жыныс мүшелерінен, желіннен жинап, сырткы мыкын түйініне
өткізеді.
Ерекшеліктері. Айғырдалимфа түйіндері енбаудың маңайында
шоғырланып, екі лимфа түйіндерінің тізбегін түзеді. Алдынғы тізбектің
ұзыңдығы 11-13 см, енбаудың алдында, ал арткы тізбектің ұзындығы 4-6 см,
енбаудан кейін орналасады. Орталықгағы лимфа түйіңдерінің жалпы саны —
25-100. Биеде мөлшері 0,3-4,5 см болатын 20-100 шақты лимфа түйіндері
ұзындығы 10-14 см лимфа түйіндерінің тізбегін құрайды. Ол желін мен
құрсақ жəне жамбас қабырғаларының аралығында орын тебеді Бұқада молшері 3-6 см-дей екі лимфа туйіні енбаудан кейін орналасады. Сиырда олардың саны — 1-2, желін негізінің артқы жағында тері астында жатады.