К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет564/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ганглионды қабат өте ірі пирамида тəрізді нейроциттерден құралған. 
Олардың биіктігі 120 мкм, табанының ені 80 мкм -ге жетеді. Бұлардың
нейроплазмасында базофилді зат көп болады, яғни бұл жасушадағы белок 
синтезінің белсенді жүретіндігінің айғағы. Нейроциттердің аксондары
миелинді жүйке талшықтарға айналып, ми қыртысынан төмен кететін 
жұлынның пирамидалы қозғалтқыш өткізгіш жолдарын құрайды.
Полиморфты қабат пішіні əр түрлі нейроциттерден тұрады. Олардың
дендриттері үлкен ми қыртысының молекулалы қабатына дейін өтеді, ал 
аксондары ақ заттағы эффекторлы өткізгіш жолдарды жасауға қатысады.

Ми жабыны ақ затының құрылысы. Үлкен ми қыртысының
астындағы ақ затты жоғарыда баяндалған ми қыртысы қабаттарының 
нейроциттері өсінділерінен түзілген миелинді жүйке талшықтары құрайды.
Олар əр түрлі бағытта өтіп, ми бөлімдерін өзара жəне ми орталықтарын 
жұлын орталықтарымен жалғастыратын өткізгіш жолдар түзеді. Ми жабыны
ақ затының өткізгіш жолдарына: үлкен ми сыңарларының өз жағындағы ми 
қыртысы бөлімдерін өзара байланыстыратын ассоциативті жолдар, үлкен
ми сыңарларының екі жақтағы ми қыртысы бөлімдерін бір-бірімен 
жалғастыратын комссуральды жолдар жəне ми қыртысы бөлімдерін төменгі
ми бөлімдері жəне жұлын орталықтарымен байланыстыратын проекциялы 


жолдар жатады. Проекциялық жолдар құрамына жолақты денедегі сыртқы
жəне ішкі ақзаттық қабықтар да кіреді. Жүйке толқытарын өткізу 
бағыттарына қарай, проекциялық жолдар: афферентгі (орталыққа тепкіш)
жəне эфферентті (орталықтан тепкіш) болып екі топқа бөлінеді. 
Аралық ми мен соңғы миды біріктіріп, алдыңғы ми — деп те атайды.
Ми қарыншалары (құыстары): 

І.Бүйірлік оң жəне сол ми қарыншалары соңғы мидың оң жəне сол
үлкен ми сыңарларында орналасады. Бүйірлік қарыншалардың төбесін күсті 
дене, түбін құйрықты ядроның басы мен гиппокамп құрайды. Оң жəне сол
қарыншалар аралығында, оларды бір-бірінен бөліп тұратын мөлдір перделік 
болады.
Бүйірлік 
ми
қарыншаларының 

куыстары


оң

жəне
сол

қарыншааралық тесіктер арқылы үшінші ми қарыншасы куысымен
жалғасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет